Азу тағамы

Қажетті заттар:

500 гр сиыр еті
5 шт пияз
3 шт тұзды қияр
1 кг картоп
2 ас қасық томат пастасы
1 стақан су немесе сорпа
3 тіс сарымсақ
тұз, бұрыш

Дайындалуы:

1. Етті ірі соломка қылып турап, орташа отта қызып тұрған маймен қазанға қуырамыз.
2. Пиязды жұқалап турап, етке қосып, жұмсарғанға дейін қуырамыз.
3. Одан кейін томат пастасын және қиярды майдалап турап, пияздын үстіне салып қуырамыз.
4. Үстіне су құйып, қақпағын жауып, ет піскенге дейін бұқтырамыз. (Егер су аз болса, тағы да қосып отырамыз).
5. Бөлек табада соломка етіп туралған картопты жартылай дайын болғанға дейін қуырып аламыз.
6. Қуырылған картопты бұқтырылған еттің үстіне салып, майда туралған сарымсақ, лавр жапырағын қосып, тұздап, бұрыштап, қақпағын жауып, картоп дайын болғанға дейін тағы бұқтырамыз (шамамен 7-9 минут).
Дайын азуды аскөк сеуіп, дастарқанға ұсынамыз.

Асыңыз дәмді болсын!

Яндекс.Метрика