Азан шақырып ат қою туралы не білеміз?

«Әке мен шешенің баланың алдында үш міндеті бар: туғанда жақсы ат қою, дінге тәрбиелеу, үйлендіру (қыз болса – ұзату)» Хадис-шариф

Азан шақырып ат қою — сәбиге ат қоюдың мұсылманша дәстүрі. Сәбидің бір құлағына азан шақырып, екінші құлағына қамат айтып есім қою сүннет амал болып саналады. Бұл амал нәрестенің жынысына байланысты емес: ұлға да, қызға да жасалады. Ислам дінін ұстанған қазақ халқы үшін тым жат емес дәстүрлердің бірі болғандықтан «азан шақырып қойған аты» деген тіркесті күнделікті қолданысқа енгізіп жібергенбіз.

Азан шақырып ат қою

Перзентінің құлағына азан шақырып, жақсы есім қою — Ислам дінінің ата-анаға жүктейтін жауапты міндеттерінің бірі. Әке-шешесі таңдаған есім баласы өскенде кесірін тигізбейтін болуы шарт. Сондай-ақ, адам есімінің мағыналық тұрғыда өте сауатты болуының маңызы туралы хадис-шарифте де айтылған: «Сендер қиямет күні өздеріңнің есімдеріңмен және әкелеріңнің есімдерімен шақырыласыңдар, сондықтан да есімдеріңді жақсартыңдар»

Атты неге азан шақырып қояды?

Азан шақырып ат қою — Мұхаммед (с.а.у) пайғамбардан қалған өсиет, сүннет амал.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) баланың құлағына азан шақырып, жақсы есім қоюды үмбетіне өсиет еткен. Күнделікті оқылатын бес уақыт намаздың уақыты кіргенін мұсылмандарға хабарлағанда азан айтылады, сондай-ақ, сәбиге ат қояр сәтте де құлағына азан шақырылады. Ибн Аббастың (р.а.) риуаят етуі бойынша пайғамбарымыз (с.а.у.) немересі Хасан дүниеге келгенде, оның оң құлағына азан, сол құлағына қамат оқыған (Тирмизи, Әдаһи, 15).

Сондай-ақ нәрестенің ең алғашқы естіген даусы азан үні болғаны дұрыс. Себебі оқылған азан мен қамат, сәбиге жасалған алғашқы иман қадамы болып табылады. Азанның мағынасы мен мазмұнында тәкбір (Алланың Ұлылығы), таухид (Алланың жалғыздығы), пайғамбарлық және намаз сияқты діннің негіздері қамтылуда.

Ұқсас мақалалар

Сәбиге ат қою

Балаға ат қоюдың 20 түрлі ерекшеліктері

фото: rumuslims.net

Пайдаланылған әдебиеттер:

Сәбиге ат қою

Мұсылманша ат қою

Нәрестеге ат қою үшін азан шақыру керек пе?

Comments 31

  • Салеметсизбе, жолдасымнын акеси сабиимизге азан шакырып ат койды, бирак биз баска есим болганын калап едик. Енды туу туралы кужатты баска есиммен алуга болама?

    • Саламатсызба! Әрине, болады. Құжаттағы аты ресми аты болады.

  • Саламатсыз ба, Апамыз кызымыздын атын Шагала деп коиган еди, биз азан шакырып атын коидык. Бирак онын аудармасыдореки естиледи , кейн кызымыз сол есимнин кесиринен уялады ма деп уайымлаймыз. Екинши рет азан шакырып есимин ауыстыруга болады ма?

    • Саламатсызба!
      Азан шақырып ат қою міндетті емес. Жағымды дәстүр ғана. Баланың атын ауыстыру құжат жағынан қиындықтудырмаса, қайта азан шақырып атын қоюда тұрған ешқандай ағаттық жоқ.

  • 1)Азан айтуга миндети турде имам керекпе. Мен озим азан шакырып койсам болама?
    2) Бир кисилер айтып жатыр. 7кун ишинде мал сойып койу керек дейди? Осы сурактарга толык жауап жазсаныз? Рахмет!

    • Имамның болуы шарт емес. Жеті күн ішінде құрбандық шалуды Ақиқа дейді. Интернеттен іздесеңіз, қажет ақпаратты табасыз.

  • Ассаляму алейкум

    Оз оз1не азан шакырып ат койса болады ма?
    Алде Меш1ттег1 бас муФтига бару керек пе

    Жасым 19 да

  • Қайырлы күн!Қызға Райяна есімін қоюға бола ма?ұлтымыз -қазақ.Жəне мағына сын жазсаңыздар!Рақмет!

    • Саламатсызба! Иә, болады. Қазіргі кезде қыздарға жиі қойылатын есімдердің бірі. Мағынасы көп. Мұсылмандар үшін ең басты мағынасы жәннаттағы сегіз есіктің біреуінің атының Райян болуында. Бұл есім еуропалықтарда да бар.

Яндекс.Метрика