Category «Жүктілік & босану»

Көпұрықты жүктілік туралы не білеміз?

Көпұрықты жүктілік Адам үшін шартты биологиялық норма бір баланы уақытына жеткізіп дүниеге әкелу болып табылады. Сондықтан көпұрықты жүктілік патология мен шартты норманың екі аралығындағы жағдай болып келеді. Бір уақытта екі не одан да көп ұрықты жүктілік әйел ағзасы үшін ауыр болады. Өйткені мұндай жүктілік кезінде энергия мөлшері мен басқа да қорек заттар көптеп қажет. Егіздер …

Түсік және уақытынан бұрын босану туралы

уақытынан бұрын босану, ерте босану, шала туу

Сыртқы әсерден болмаған түсік (спонтанды аборт – ішкі құбылыстардың салдарынан болатын түсік) Белгілері: іштің төменгі жағының созылмалы түрде ауыруы, түйілуі де мүмкін, қынаптан қанды іріңнің бөлінуі. Есте сақтаңыз! Егер осы белгілер байқалса, міндетті түрде дәрігерге барыңыз, түсіктің алдын алуға болады! Дәрігерлік қабылдаудан және УДЗ, сараптамалардың нәтижелерінен кейін жүктілікті үзу қаупі расталса, онда жүктілікті сақтап қалуға …

Жүктілік кезіндегі медициналық бақылаулар

Әрбір жүкті әйел дәрігердің көмегіне мұқтаж. Болашақ баланың денсаулығының дұрыс қалыптасуы үшін ең маңызды кезең алғашқы 12 апта болып табылады. Себебі осы мерзімде сәбиіңіздің өміріне маңызды мүшелері мен жүйелері қалыптаса бастайды. Сондықтан жүктілік белгісі анықталған жағдайда дереу мамандандырылған медициналық мекемеге тіркелуіңіз қажет. Ең бірінші жүргізілген медициналық бақылаулар көптеген қауіптің алдын алуға көмектеседі. Алғашқы қабылдау Алғашқы …

Дененің көлемі мен салмағының өзгеруі

Басы: Жүктілікті әйелдің ағзасындағы өзгерістер Ағзадағы бұл өзгерістерді табиғи және қалыпты деп түсіндіруге болады: әйел өзінің денесінде тіршілік иесін алып жүр. Кейбір әйелдер ұрықтың көлемінің кішкентайлығына қарамастан, жүктіліктің бірінші триместрінде-ақ салмақ қоса бастайды. Неліктен? Бұл ішектердің ісуіне байланысты болуы мүмкін. Гормональды өзгерістер құрсақ аймағының қантамырларының үлкейуіне себеп болады. Бұл ішек қабырғаларының аздап ісінуіне әсер етеді. …

Жүкті әйелдің ағзасындағы өзгерістер

Жүктілік кезінде болатын әйел ағзасындағы өзгерістер әртүрлі қолайсыздықтарға толы. Ерте басталған токсикоз Ерте басталған токсикоздың белгілері төмендегідей: қатты шаршау және себепсізден-себепсіз ашулану, жүректің айнуы (кейде құсу), басының айналуы немесе бас аурулары, өткір иістерден жиіркену, сілекейдің бөлінуінің көбеюі, бір түрлі аспаздық құмарлықтардың пайда болуы (бірдеңені қатты жеуге құмарту – жеріктік). Бұл – оның жүкті екендігінің белгісі. …

Жүктілік күнтізбесі (қысқаша)

Басы: Жүктілік физиологиясы 10-12 апта: Сәби дамудың жаңа сатысына өтеді – фетальды сатысы. Енді бұл эмбрион емес, тұқым болып келеді («фета» – тұқым). 10-аптаның басында тұқымның салмағы 4 г., ал 12 аптаға қарай оның массасы 13-14 г. болады. Болашақ  сәби диспропорционалды жағынан күрделі болып келеді: оның басы үлкен, қолдары аяқтарына қарағанда ұзындау. Дамудың осы кезеңінде құйрығы …

Жүктілік физиологиясы

Сонымен, сіз жүкті болдыңыз! Ары қарай не болады? Дүниеге келмес бұрын, ұрық қалай дамиды? Болашақ ана ағзасы қандай сынақтардан өтеді? Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында қалыпты жағдайдағы жүктіліктің қалай жүретінін байқап көрейік. Жүктіліктің ұзақтығы шамамен, орта есеппен алғанда, 40 аптаны (280 күн) немесе 9 айдан астам уақытты құрайды. Алайда бұл есептеулер ұрықтанған күннен бастап емес, …

Жасанды жолмен ұрықтандыру

Өкінішке орай, табиғи жолмен ұрықтану мүмкіндігі адам ағзасының физиологиялық жағдайына немесе денсаулығына байланысты барлығында бола бермейді. Жетілген ағзаның табиғи жолмен ұрықтануға қабілетсіздігі бедеулік деп аталады. Бедеуліктің себептері әртүрлі болуы мүмкін. Ал олардың алдын алу үшін (жою үшін) дәрі-дәрмектер мен хирургиялық әдістер қолданылады. Алайда, мұндай әдістер де кейде оң нәтиже бере бермейді. Ағзаның табиғи жолмен ұрықтану …

Бедеулік және оның себептері

Адам баласының артынан ұрпақ қалдыруы — табиғи құбылыс. Алайда ана болу бақыты кез келген әйелге бұйырмайды немесе көп жылдардан соң ғана мүмкін болады. Бала тууға қәбілетті жастағы әйелдердің сәби сүйе алмауын «бедеулік» деп атайды. Бедеуліктің себептері мен диагностикасы және одан құтылудың жолдары туралы қысқаша осы мақаламызда әңгімелейтін боламыз. Бедеулік деген не? Бедеуліктің анықтамасын Дүниежүзілік Денсаулық …

Жүкті болуға қолайлы күндерді анықтау

Жүкті болуға қолайлы күндерді анықтау

Жүктілікті анықтаудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Соның ең тиімді екі әдісі туралы төменде айтамыз. Бірінші әдіс – жеке «овуляция күнтізбесін» құрастыру. Бірақ ең алдымен, етеккірдің келу аралығының ұзақтығы әрдайым тұрақты екендігіне (яғни әр етеккірдің келу аралығы кейбірінде 28, кейбірінде 30-34 күн) көз жеткізіп алу керек. Бұны анықтау үшін алты-жеті айдай уақыт кетеді, бұл кезеңде сіз жай

Бойға баланың бітуі қалай жүреді?

Ұрықтану

Бойға баланың бітуі қалай жүреді? Бойға баланың бітуі әйел ағзасындағы аналық клетканың ұрықтануының нәтижесінде жүзеге асады. Жыныстық қатынас кезінде еркектің жыныс мүшесінен әйел қынабына миллиондаған аталық ұрық (сперматозоид) түседі. Олардың барлық бөлігі әйел жатырына енбейді. Жатырға енген сперматозоидтар жатыр түтігіне қарай көтеріледі. Жатыр түтігінің кең тұсында (ампулада) ұрықтануға қатысады. Нәтижесінде тек бір немесе екі (екі ұрықты …

Перзентханаға не алып бару керек?

Жүктіліктің соңғы апталары жақындаған сайын әрбір ананың бойында қорқыныш пен үрей билейтіні жасырын емес. Мейлі, біріншісі болсын, мейлі, төртіншісі болсын, қобалжымайтындар некен-саяқ. Толғақ кенеттен басталса абыржып, перзентханаға қажетті заттарды ұмытып кетуіңіз мүмкін. Сондықтан, алдын-ала әзірлеп қойыңыз! Енді босанғанға дейін қажет болатын заттардың тізімін жасасақ: Ең әуелі, құжаттар. Жеке бас куәлігі немесе паспорт, жүкті әйелдің картасы …

Яндекс.Метрика