Басты бет / Ана мен бала сайты (бет 2)

Ана мен бала сайты

Шикі ет, шикі сүт және шикі тағамдар

Арнайы қораптағы шикі сүт (кейде стандартталған сүт дейді) қаншалықты қауіпті? Ол сүт те шикі сүттің қатарына жатады. Артықшылығы, арнайы бақылаудан өтіп, сүзгіленген және сүт құюға арналған қорапқа құйылған. Бірақ пастерильденбеген. Сондықтан құрамында Листериоз инфекциясын тудыратын бактериялардың болуы мүмкін.

Толығырақ »

Жүктілік кезіндегі көз ақаулары мен аурулары

Аяғы ауыр әйелдерде түрлі себептерге байланысты көздің ақаулары мен аурулары пайда болып жатады. Мысалыға,  жақыннан көргіштік (миопия), көздің құрғап кетуі, көздің мөлдір қабығының аурулары, көз жүйкесінің зақымдануы, көздің қан қысымы және т.б. Мұндай қиындықтар қалыпты және патологиялық жүктілік жағдайларында да кездеседі.

Толығырақ »

Сәбидің тырнағын алу

Кішкентай ғана нәрестенің тырнағы көп ұзамай-ақ өсіп кетеді. Тырнағы жұмсақ болса да бет-ауызын тырнап алуы мүмкін. Сондықтан кішкентайыңыздың саусақтарындағы тырнақтарының өсіп кеткенін байқасаңыз, оларды алып тастаңыз. Немен аламыз? Тырнақты алу үшін арнайы қайшы немесе тырнақалғышты пайдалануға болады.

Толығырақ »

Жүктілік күнтізбесі: бірінші ай (1-4 апта)

Шамамен 14 күндік етеккір кезеңінде жетілген аналық ұрық жасушасы жатыр түтігіне (фаллопий түтігі, аналық без бен жатырды байланыстырады, ұзындығы: 10-12 см) келіп түседі. Осы жерде ол 24 сағат бойына ғана ұрықтану қабілетіне ие болады, яғни өмір сүру ұзақтығы бір тәулікке созылады. Сол аралықта ұрықтанбаса, «өледі». Келесі етеккір кезеңінде сыртқа шығады.

Толығырақ »

Жүкті әйелдің бала емізуіне бола ма?

Қызым 1 жас 7 айлық. Еміземін. Өзім жүктімін, 5-ші апта. Менің жағдайымда бала емізуді жалғастыра беруге бола ма? Жүктілік сүттің құрылымына әсер ете ме? Егер әсер ететін болса, баланы емшектен қалай шығаруыма болады? Қайта жүкті болған жағдайда емізуді жалғастыра беруге болады.

Толығырақ »

Он айлық сәбидің тек емшек емгені дұрыс па?

Менің қызым 10 айлық, әлі күнге дейін бір емшегімді ғана емеді, басқа қосымша тамақты тіпті қажет етпейді. Көбісінің балалары бұл кезде барлығын да таңдамай жей береді, ал менің қызым қасықты итеріп жібереді, аузына бірдеңе салсаң, тілін қолымен сүртіп тастайды. Емшегімдегі сүттің де азая бастағанын байқадым. Алғашқы қосымша тамақты дәрігердің айтуымен …

Толығырақ »

Жүктілікке дейінгі дайындық: 10 кеңес

Жүкті әйелдің психологиясы

Қыз бала оң босағасын аттап, отбасын құрғаннан кейін ана атануы — табиғаттың заңы. Дейтұрғанмен, ана болу бақытының барлық әйелге бірдей бұйыра бермейтіні бар. Жастайынан денсаулыққа деген немқұрайдылық кейін уақыт өте келе бала көтермейтін бедеулікке алып келетінін қыздарымыз естерінен шығармаса екен дейміз. Өмірде адам қандай да бір жетістікке немесе мәртебеге жету үшін …

Толығырақ »

Балаларға арналған VI халықаралық «Балалық шақ`12» тауарлар көрмесі

ДЕТСТВО’12

2012 жылы 6-8 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы Almaty Towers бизнес орталығында ALEXPO компаниясының ұйымдастыруымен халықаралық «Балалық шақ`12» тауарлар көрмесі өтеді. Бұл көрмеге отандық компаниялармен қатар Ресей, Германия, Украина, Литва, Белорус Республикасы, Польша, Финляндия, Израиль, Қытай және басқа да елдердің компаниялары қатысады. 

Толығырақ »

Біздің сәбиіміздің есімі — Жанеркен

Жанеркен

Жанеркен — апасы мен атасының ерке баласы. «Алғашқы немереміздің атын кім қоямыз?» — деп, атасы мен апасы көп ойланды. Небір кітаптар мен Интернеттен қызық әрі ерекше есімдерді іздеумен талай айлар өтті, бірақ лайықты есімді ешкім айта алмаған. Жанеркен дүниеге келген күні атасы өз бөлмесінде жатып, «Немерем қандай болады екен?» деп ойланып жатады. …

Толығырақ »

Ораза кезіндегі жүктілік және бала емізу

Айлардың сұлтаны, Құран түскен Рамазан айы келгенде исі мұсылман жан әрбір тынысының сауабы мол екенін біліп қуанатыны белгілі. Тирмизи жеткізген хадис шәрифте пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Себепсіз рамазанда бір күн ораза тұтпаған кісі оның орнына жыл бойы ораза тұтса, рамазандағы әлгі бір күндік сауапқа жете алмайды» — …

Толығырақ »

Ұрық қабының ерте жарылуы қаншалықты қауіпті?

Ұрық қабы, Амниотикалық қапшық, Ұрық қабының ертерек жарылуы

Жүктілік соңына жетіп, босану процесінде ұрықты тоғыз ай бойына қорғап, қағанақ суын сырттай қоршап, сыртқа ағып кетуден сақтап келген қабықшаның жарылатын уақыты келеді. Қабықша жарылғанда су ағады. Мамандардың келтіретін деректері ұрық қапшығының жарылуына көп жағдайларда әлеуметтік жағдайы төмен және жалғыз өмір сүретін әйелдердің душар болатындығынан хабар береді.

Толығырақ »
error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика