Category «Балалар әлемі»

Балаңыз жетістікке жетсін десеңіз..

Әрбір ата-ана өз баласының тек биіктерден көрініп, жетістікке жетіп, табысты болғанын, өмірден өз орнын тапқанын қалайды. «Балам жетістікке жетіп табысты болуы үшін, мен ата-ана ретінде не жасай аламын?» деген сұрақты өзіңізге қойып көрдіңіз бе?Балаңыз жетістікке жету үшін ең болмағанда төмендегі ережелерді ұстанған абзал. – Баланың өзіне сенімді болып өсуіне жағдай жасау(балаға жиі қолдау көрсету); . …

Балаңыз сізді неліктен тыңдамайды?

  Әңгімені оқып шығып, сіз екі ананың қайсысына ұқсайтыныңызды анықтаңыз? Содан кейін неге кейде балаңыз тыңдамайтынын түсінетін боласыз. ⠀ 1- ана ⠀ Балалар у-шулап ойнап жатыр. ✔Мамасы: – Ау, жатсаңдарш, бол тез (жандардың барынша деген кетіп қалады 90 пайыздарда). ✔Баласы: Неге? Тағы ойнағымыз келіп тұр. ✔Мамасы: Ұйықтауларың керек. Болды! (бұйрық) ✔Қызы: Туфф, енді ойнап бастаған …

Бала тәрбиелеу неге қиындап барады?

  Тақырып айтып тұрғандай қазір бала тәрбиелеу оңай шаруа емес. Бұрын бізді ата-анамыз қалай тәрбиеледі? Бізге көңіл бөлмесе де, сүйіспеншіліктері мен мейірімдерін жиі көрсетпесе де біз неге ата-анамызға ренжімедік.Ұрысса да, ұрса да біз неге күйзеліске түспедік? Біз неге ата-анаға қарсы сөйлемедік? Бір ғана жауап: Ол кезде қоғам басқа, адам басқа. Заман өзгерген жоқ, тек адам …

Леонардо да Винчидің зейін қою тәсілі.

Қайта Өрлеу дәуірінің атақты суретшісі Леонардо да Винчи тек көркем сурет пен ғылымда ғана жетістікке жетіп қоймай, психологияда да өзінің ізін қалдырыпты. . Сана мен жанды бояу мен қаламұш арқылы емдеудің тәсілін жасапты. Оның өз тәсіліне енгізген 23 кеңесі бар  Қазіргі заманның психологтары да Винчидің айтқаны рас деп дәлелдеп отыр. Бұл тәсіл жүйкені тыныштандырып, сананы сергітеді …

Баламды қалай тәрбиелесем болады?

  Біз баламыздың ақылды, білімді, тәрбиелі, мейірімді, бауырмал, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете алатын, жауапкершілігі мол, өзіне сенімді яғни, былайша айтқанда СУПЕР бала болғанын қалаймыз. Ал енді өзімізге сұрақ қояйықшы. Біз өзіміз СУПЕР ата-анамыз ба? Ал, енді СУПЕР ата-ана болу үшін не істеуіміз керек? Супер ата-ана болу үшін алдымен өзіңізді тәрбиелеу қажетсіз. Ал, өзіңізді тәрбиелеудің …

Баланы жазасыз тәрбиелеу жолдары.

  Ата-ана баласына балалық шағында қандай сезімдерді көрсеткен болса, бала өмір бойы сол сезімдермен өмір сүреді. Сенбесеңіз, өзіңізді бір зерттеп қараңыз. ✔кейде әр нәрсеге өзіңізді кінәлі сезінесіз бе? . ✔ адамдарға бір істі сеніп тапсыруыңыз қиынға соғып жата ма? ✔ жақындарыңыз тарапынан жеткілікті түрде бағаланбайтын тәріздісіз бе? . ✔ Кейде, көпшілік ортада, ойымды ашық айтсам, …

Балаңыз сізге қарсы сөйлесе…

  СҰРАҚ:▶ Балаңыз сізге қарсы сөйлей ма? ▶Тыңдамай ма? ▶Бұзықтық жасай ма? ▶Қырсық мінез көрсете ме? ЖАУАП біреу ғана: ▶Ата-ана мен бала арасында ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТЫҢ жоқтығы. . (Егер балада жүйке жүйесі жеткіліксіздігі болса да жоғарыдағыдай мінездер көрсетуі әбден мүмкін) Бала – «бұзық» емес, «қырсық» емес, «қарсы сөйлеу», «тыңдамау» бұл оның әрекеті ғана… Байқап қарасаңыз, баланың …

Бала тәрбиесі туралы қарапайым шындық

  Бала психологиясы туралы бірнеше кітап жазған Ресейдің мықты психологтарының бірі Ю.Б.Гиппенейтер. Оның кітаптарындағы құнды кеңестерден үзінді. – Баланың тыңдамау себебі-біреу ақ, ол сіздің баламен қарым-қатынасыңыздың дұрыс еместігінен. Яғни, баламен қарым-қатынас жасауда қателіктер жібересіз деген сөз. – «Қиын бала», «бұзық», «тыңдамайтын» балалар «тұйық», «комплексті», «бақытсыз» балалармен бірдей – әрқашан отбасында дұрыс құрылмаған қарым-қатынастың нәтижесі. – …

Бала неге өтірік айтады?

  Көптеген аналардан бала не себепті өтірік айтады? Осы тақырыпты жазыңызшы деген өтініштер көптеп келіп жатады. Сол өтініштерді орындаудың бүгін сәті түсті. Бала мына жағдайда өтірік айтады: Өзін жақсы жағынан көрсету үшін; –  Өзіне деген ортаның мол сенімін иелену үшін; – Ыңғайсыз жағдайға тап болудан қорыққанда; – Ата-анасының жазалауынан қорыққанда; – Ұялғанда; – Қалағанына қол …

БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ БАСТЫ МАҚСАТ ҚАНДАЙ?

  Біздің ойымызда тәртібі тамаша, сабағы бес, ойы алғыр, қоғамға пайдалы болып өссе екен дейміз. Және осы жолда бас қатырып, қалай супер бала өсірсек деген мақсат қойып алатынымыз тағы бар. Ал бұл мақсат қаншалықты дұрыс??? Шын мәнінде біз бас қатарытын дүние бұл емес. Баладан білімді, білікті тұлға жасау негізгі мақсатқа жатпайды. Олардың бастарын мықты қылу …

Өтпелі кезең ерекшеліктері

  Жасөспірім баланың ата-аналары бала бойында пайда болған жалқаулық(еріншектік) туралы көп шағым айтады. «Ол үй шаруасын көмектеспейді, үй тапсырмасын жасағысы келсе жасайды, жасағысы келмесе жасамайды, тыңдамайды, қылжақтайды, естісе де естімегендей отыра береді, күні бойы телефоннан бас алмайды….» Бұл тізім жалғаса береді. Өтпелі кезеңде Жалқаулық- ҚАЛЫПТЫ. Біз ересектер көз алдымызда тұрған аяқ-қолы өскен, бойы мен дене …

Жасөспірім кезеңдегі қалыпты мінез-құлық

  Баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жасөспірімдік шағы(12-17жас) ең қиын кез болып есептеледі. Бала тәртібі нашарлап, тұйықталып, сабаққа үлгерімі төмендейді. Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады. Жасөспірімнің мінезіндегі мұндай қылықтардың негізі осы жастағы соматикалық және психикалық дамуында жатыр. Көпшілік ата-ана үшін баласының жасөспірім шақтан, ересек шаққа өту процессі оңайға түспейді. Барлық …

Бала тәрбиесі жатырда басталады

Жатырдағы сәби, Жатырдағы сәбидің суреті

Бала тәрбиесі жатырда жатқанынан басталады. Бұл — ақиқат. Баланы тек ес білгенінде тәрбиелеу дегеніміз бала тәрбиелеуді көп уақытқа кешеуілдеп алу деуге болады. Жатырда жатқан сәби әлемді қалай қабылдайды? Ең алдымен, сәбидің анасының жатырда жатып әлемді қалай қабылдайтынын біліп алу қажет. Дүниеге келмей-ақ сәбидің есту қабілеті дамиды. 16-шы аптасында-ақ ол анасының тамырлар жүйесіндегі қан айналысының дыбысын естіп …

Яндекс.Метрика