Атопиялық дерматит кезіндегі қателіктер:
1️⃣Қателік: Атопиялық дерматит= тағамдық аллергия. Көбінесе айтып жатады, балам, диетада ешқандай аллергия туғызатын тағам жемейді немесе емізетін әйел айтады «мүлдем аллергия туғызатын зат жемеймін, тек су мен күріш жеймін» деп айтады.Бірақ, біз қалай бөртіп бастадық солай әлі бөртпелер шығуда дейді. Алайда, бар мәселенің бәрі тағамда емес, басқа себеп болар? Себебі, атопиялық дерматитпен ауыратын балалардың 35%-да ғана тағамдық аллергия бар екен.
Атопиялық дерматит- терінің қорғаныш қабілетінің жетіспеушілігі, дефектісі, қоршаған ортаға өте қатты әсер етуі, өте сезімтал болуы: климатқа, температураға, дұрыс емес күтімге, т.б.
⠀
2️⃣Қателік: Сіз балаңызды қарапайым суға түсіресіз, кәдімгі краннан алынған суға. Өзіңіз де байқайтын боларсыз су қатты/хлорларған болуы мүмкін. Ал, сіз өте сезімтал баланың терісін сондай сумен жуасыз.
Міндетті түрде, атопиялық дерматитте, құрғақ теріге арналған арнайы суға түсіретін заттармен жуындырыңыз.
⠀
3️⃣Қателік: Эмтлиентті қолданбау. Сіз эмоллиент қолданасыз ба?
Ол тері күтіміне арналған маңызды құрал. Атопиялық дерматит басқа тері аурулары тәрізді (экзема) созылмалы ауру, сондықтан крем/мазь дегенді тұрақты түрде жағу керек.
⠀
4️⃣Қателік: Шексіз түрде копрограмма,кал на дисбактериоз, иммуноглобулин тапсыру. Олардан пайда жоқ.
⠀
Тағы да айтамын, атопиялық дерматит тері ауруы, ол тері құрамындағы липид жеткіліксіздігінен (соның салдарынан тері құрғайды кейін әр нәрсеге тітіркенуі пайда болады) және оның қорғаныш қабілетінің жеткіліксіздігінен болатын ауру. Терінің қышуы. Терінің дұрыс күтімі ең маңызды нәрсе және дұрыс эмоллиент таңдау қажет.