Балада бірнеше кризистік кезеңі болатынын ең алғаш рет 2018 жылы «Научите ребенку думать» деген кітаптан оқып білдім.
Оған дейін балада бір-ақ рет және он үш жасында ғана болады деп ойлап келгенмін. Осылай ойлаған жалғыз мен ғана ма? Негізі кризис жайлы ұлым бір жасқа толмай білгеніме қуанғанмын
Сонымен кризистік кезең дегеніміз не?
Баладағы жас кризистері баланың психологиялық дамуының бір бөлігі. Бала жасының кризисі өмірдің бір сатысынан екінші бір сатысына ауысуы кезінде болады. Осы кезде күтпеген жағдайлар болуы мүмкін. Нақтырақ айтсақ мінез-құлық күрт өзгереді және көп жағдайда жаман жағына өзгеруі мүмкін. Ал ата-ана осы қиын кезеңдерге іштей дайын болуы керек.
Кез-келген кризистік кезең баланың психикасы, денесі, кейде жалпы өмір салтының өзгеруімен ерекшеленеді. Бала кризистік кезеңнен өткен кезде жаңа дағдыларға, жаңа қабілетке және жаңа қасиеттерді меңгереді. Ал егер бала сол кризистік кезеңнен өтпесе, өмірінің сол сатысында қалып қояды. Адамның физиологиялық және психологиялық жасы деген болады. Демек кризистік кезеңнен өте алмаса, жасы физиологиялық тұрғыдан жетіде болса да, сөйлеген сөзі, ойлауы, іс әрекеті 3-5 жастағы балаға ұқсап тұрады. Бұл баланың психологиялық жасы. Бұл оның болашақ өміріне әсер етеді.
Кризистік кезең – бұл өте ұзақ кезең. Бүгін кризистік кезең келді, ал ертең жаңа адам болып ояна салу деген жоқ. Кейбір нәрселер жұмысын тоқтатады және адам өмір сүруді, сезінуді, басқаша әрекет етуді үйренеді (мысалы, бала 1 жасында еңбектеуді тоқтатып, жүруді үйренеді).
Әр кризистік кезеңде баланың мінез-құлқында басқаша ерекшеліктер байқалады. Бұл бейсаналы түрде жүреді. Бір сәтте ата-аналар баланың мінез-құлқы өзгергенін айтады. Бала мінез-құлқында бұрын болмаған басқа нәрсе пайда болады. Мысалы бәрімізге таныс жасөспірім кездегі мінез-құлқымызды айта аламыз.
Баладағы кризистік кезеңдер – бала туылғанда, 1, 3, 7, 11-13 және 17 жаста болады.
Енді өз ұлдарымның басынан өткен кризистік кезеңдер жайлы айтып берейін. Бала туғанда бала анасынан физиологиялық тұрғыдан бөлініп шығады. Бірақ психологиялық тұрғыдан тәуелді болады. Оны қалай білеміз? «Мына әлемге үйреніп, бейімделуім керек. Айқайлаймын, жылаймын, көп ұзамай күлуді үйренемін. Қасысы тезірек жұмыс істейтінін көрейік» деп ойлайды. Бала – жылау, күлу, қылық шығару арқылы адамдардың өзіне қарата алады. Бұл кезеңде балаға көмектесу үшін қолға алыңыз, емізіңіз, сөйлесіңіз, махаббатыңызды көрсетіңіз.
Бұл кезеңнен өтуге көмектесу керек және қолдау білдіру керек.
Бастысы баланың эмоциясын аяқ асты етіп таптамаңыз