Әңгімені оқып шығып, сіз екі ананың қайсысына ұқсайтыныңызды анықтаңыз? Содан кейін неге кейде балаңыз тыңдамайтынын түсінетін боласыз.
⠀
1- ана
⠀
Балалар у-шулап ойнап жатыр.
✔Мамасы:
— Ау, жатсаңдарш, бол тез (жандардың барынша деген кетіп қалады 90 пайыздарда).
✔Баласы:
Неге? Тағы ойнағымыз келіп тұр.
✔Мамасы:
Ұйықтауларың керек. Болды! (бұйрық)
✔Қызы:
Туфф, енді ойнап бастаған едік.
✔Мама:
Так, болды ғой енді. Жатыңдар!
⠀
✘ Мұндай кезде балалардың көңілдері түсіп, бойын ашу басады. Сөйтіп келіп, осы бала мені неге тыңдамайды екен? — деп іштей қынжыламыз.
✘ Мысалы, сіз беріліп түнде бір сериал қарап немесе тігіп, кітап оқып отырғанда күйеуіңіз немесе анаңыз ұрысып, күшпен жатқызса не істер едіңіз?
Вот в чем проблема. Баланың орнына өзімізді қоя білмейміз.
Ал егер сізге:
-қатты қызық бір зат жасап отырсың-ау деймін. Бірақ жатайық, ерте тұруымыз керек. Бұл мен үшін маңызды, — десе бірден жүрек жылынады. Жарайды, — деп келісімге келеміз.
⠀
2-ана
⠀
✔Мамасы:
Балапандар жататын уақыт келді. ✔Баласы:
Неге? Ойнағымыз келіп тұр.
.
✔Мамасы:Ойындарын қызық сияқты ғой… Бірақ, жату керек. (достық қарым-қатынас) .
✔Баласы:
-ия, мам қызық. Аз қалды, ойнап тастайықшы.
✔Мамасы:
Аз қалса, жарайды. Ол көп уақытты алмайды.
⠀
Бұл жерде сіз балаға ұйықтаймыз — деген жоспарыңызды алдын-ала айтып қойдыңыз. Ұрысқан жоқсыз. Дос ретінде түсіндіңіз.
⠀
Бастапқыдан мұндай ережеге үйренбеген балаға ол қиын болу мүмкін. Ашуланбай, сабырлықпен осы темпте жұмыс істесеңіз. Барлығы ойдағыдай болады.Онда ешкім — ешкімге ренжімейді. Бала тыңдайды, жақсы ұйықтайды.