Жатыр мойны эрозиясы (орыс.: эрозия шейки матки) — жатыр мойнының шырышты қабықшасының тұтастығының бұзылуы немесе шырышты қабат ұлпаларының зақымдалуынан пай болатын кішігірім жаралар (эрозиялар). Бұл ауру әйелдерде ең жиі кездесетін гинекологиялық аурулардың бірі болып саналады.
Жатыр мойны дегеніміз қынап пен жатырды жалғап тұратын, қоймалжың сұйықтыққа толы, цилиндрлік пішіндегі қуыс.
Жатыр мойны эрозиясының екі түрі бар: шынайы (эндоцервикоз) және жалпы эрозиялар (эктопия, псевдоэрозия).
Шынайы этозия сирек кездеседі, ол жатыр немесе қынапта вирусты немесе бактериалы инфекцияның пайда болуынан, механикалық немесе химиялық бұзылыстардан (зақымдалудан) туындайды. Тексеру кезінде ол жатырдың сыртқы бетінде қызарып, жара секілді болып көрінеді.
Жалпы эрозия — қынап ішінде секреторлы эпителийдің жайылуы салдарынан пайда болатын, эрозияның жиі кездесетін түрі. Бұл, әдетте, жыныстық жетілу кезіндегі гормоналды бұзылыстардың салдарынан дамиды. Секреторлы эпителий қынаптың қышқылдық ортасына төзе алмайды, яғни ондай ортаға бейімделмеген. Сол себепті ол өздігінен жазылуға тырысады да, тегіс қорғаушы эпителийге айналады. Бұл процесс кезінде қиындықтар туындап, ісіктер пайда болуы мүмкін. Әдетте, бұндайісіктер қатерсіз ісіктер болып табылады.
Жатыр мойны эрозиясының пайда болу себептері
Эрозия туа біткен болуы мүмкін (псевдоэрозия немесе эктопия) және жүре пайда болған (жарақат алу немесе инфекция салдарынан) болуы мүмкін. Әдетте, жатыр мойны эрозиясы жасанды түсік жасатқан, гормоналды бұзылыстары бар, жыныстық инфекциялары бар және қынап дисбактериозы бар әйелдерде жиі кездеседі.
Жатыр мойны эрозиясының пайда болуының себептері:
- Жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулар: урогенитальды хламидиоз, трихомониаз, микроплазмоз және уреаплазмоз, гонорея, папиллома вирусты инфекциясы, екінші типті герпес вирусы немесе генитальды герпес.
- Әйелдердің жыныс мүшелерінің басқа да қабынушы аурулары.
- Қынаптың қабынбалы аурулары ( вагиниттер, кольпиттер, бактериалды вагиноз, молочница).
- Жатыр монының шырышты қабықшасының механикалық зақымдалуы ( бала босану, жасанды түсік тастау, дөрекі жыныстық қатынас).
Эрозияның дамуына келесі факторлар әсер етеді:
- Гормоналды бұзылыстар;
- Етеккір циклының бұзылуы;
- Жыныстық өмірді ерте бастау және серігін жиі ауыстыру;
- Иммунитеттің төмендеп кетуі.
Жатыр мойны эрозиясы белгілері (симптомдары)
Жатыр мойны эрозиясының ешқандай клинникалық белгілері болмайды: ауруды тек гинеколог маманға тексерілу арқылы білуге болады. Алайда, кей жағдайда, эрозия бар екендігін, жыныстық қатынастан соң қынаптан қызғылт немесе қоңыр түсті сұйық бөлінулердің болуы арқылы білуге болады. Сонымен қатар жыныстық қатынас кезінде ауырсынулар сезілуі мүмкін. Қуықтың асты ауырады.
Жатыр мойны эрозиясының диагностикасы
Гинеколог дәрігер жатыр мойнын айнамен тексеру арқылы аурудың бар екенін анықтай алады. Бірақ эрозия оптикалық жабдық – колькоскоп – арқылы тексеріледі. Тексеру кезінде дәрігер сараптама үшін жағынды немесе патологиялық өзгеріске ұшыраған жерден (биопсия) кішкентай тері үлгісін алады. Бұл тері үлгісі микроскоп арқылы толық тексеріледі. Диагнозды растағанда типтік емес жасушалардың болмауына аса көңіл бөлу керек. Өйткені бұл — онкологиялық процестің белгілірінің бірі.
Жатыр мойны эрозиясын емдеу
Эрозияны дәрі-дәрмек арқылы және дәрі-дәрмектің көмегінсіз (Мысалы: термиялық күйдіру, лазер, сұйық азот және т.б. арқылы) емдеуге болады.
Жатыр мойны эрозиясын дәрі-дәрмектер арқылы емдеу. Дәрі-дәрмек арқылы емделгенде қабынуға қарсы дәрілер қолданылады. Олар эрозияның пайда болу себептеріне әсер ету арқылы, зақымдалған жасушаларды қайта қалпына келтіруге септігін тигізеді. Егер де эрозия қынаптың инфекциялық ауруының (хламидиоз, микоплазмоз) салдарынан пайда болса, алдымен осы ауруларды емдеп болып, кейін эрозияны емдеуге кірісу арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Зақымдалған жасушаларды жылдам қалпына келтіру үшін вагиналды шамдар, ерітінділер, жақпа майлар белгіленуі мүмкін. Бұл дәрі-дәрмектер микробтарға қарсы әрекет етіп, жатыр мойнының шырышты қабықшасы жасушаларының жылдам қалыпқа келуіне септігін тигізеді.
Жатыр мойны эрозиясының бетіне жағылатын дәрі-дәрмектер зақымдалған жасушаларды сау жасушаларға алмастыру арқылы әсер етеді. Бұны химиялық коагуляция деп атайды. Алайда тек дәрігер ғана алынған сараптама көрсеткіштері бойынша дұрыс ем қабылдау жолы мен керекті дәрі-дәрмектерді белгілей алады.
Жатыр мойны эрозиясын дәрі-дәрмектердің көмегінсіз емдеу. Бұл тәсіл жатыр мойнының шырышты қабықшысына төмендегі әрекеттер арқылы әсер етумен түсіндіріледі:
- сұйық азот (криодеструкция);
- лазерлі лоагуляция (лазермен күйдіру);
- электр тогы ( күйдіру);
- диатермокоагуляция (термиялық күйдіру);
- жатыр мойны эрозиясын радио толқынмен емдеу.
Сәлеметсіздер ме?
1 қыздың анасымын 4 жаста.Менде де жатыр мойны эрозиясы бар деді. Биопси алды нәтижесі жақсы деп, келесі етеккірге дейін 7 күн бетадин свечи сал сосын кеткесін ДЭК ке кел деді. ДЭК дегеніміз не? Али свечи салган жокпын. Казир бала көтере алам ба? Көтермеу себебі не де? Асыға жауап күтем!
саламатсыз
менің қанымдағы хламидия бактерияларының саны 4200ге жеткен, ем қабылдасамда сол мөлшерде. даргер жазылмайды дейді, сіз қалай ойлайсыз? бала көтерсем қанша пайыз сау бала дүниеге акелем? алде балалы болудан үміттенбейінбе? рахмет! жауап күткм!
Салеметсизбе.менде эрозия болды куйдирдим.казир аягым ауыр.4айлык.кыздар коркпандар.бала котересндер.
Саламатсыздар ма? АНА мен БАЛА сайтына қояр сұрағым бар еді. көптен бері мені бір ой мазалап жүр. Мен 2 баланың анасымын. Екиншимди босанып болған сон маған жатыр мойнының эрозиясы деген диагноз қойып эрозиян үлкейіп кеткен яғни күйдіруден кеткен кесеміз деп кесті. Оны апарып онкологиялық аурухананың лабароториясына тексертип жақсы деген нәтиже алдық. содан соң спираль салдырдым. Қазир балам 5 тен асты. Спиральды алып тастағанына 1 жылдан асты. мен неге көтермей жүрмин деп өзимди қоярға жер таппай жүрмін. эрозияны кескенде жатырға зақым келмеді ма деп ойлап жүрмін. айтыңыздаршы оның бала көтертпеуге асери бар ма?
Менде Уреаплазма(Ureaplasma sptcies) деген инфекция болды. Емделдім. Бірақ қайта анализ тапсырғанда, тағы да шықты. Енді оған қарамай бала көтере берсем бола ма екен?