Жедел трахеиттің белгілері мен емі

  1. Ауа райына байланысты вирустар күшейіп кеткен, фарингит емес бірден трахеит шақырады.
    Ендеше,осы тақырыпқа тоқталайық.
    Жедел трахеит дегеніміз- жиі вирустармен шақырылатын трахеяның қабынуы. Трахея көмекей мен бронхтардың ортасында орналасқан тыныс алу мүшесі. Жиі ларинготрахеит не трахеобронхит түрінде басқа мүшелермен қатар қабынады.
    Белгілері:
    *құрғақ, қақырық шықпайтын жөтел. Жөтел әдетте тереңнен, кеуде тұсынан гүрсілдеп естіледі.
    *Егер көмекей қоса қабынса, бала дауысы өзгереді.
    *Арасында баланың дене қызуы көтеріліп, мазасы қашады.
    *3-4күні қақырық сұйылып шыға бастайды.
    Емі:
    *аз-аздан жылы су ішу. Әсіресе,қатты жөтел кезінде
    *тамақты жыбырлататын ащы, тұзды тамақтардан аулақ болу
    *үй ауасы ылғалдылығын сақтау.
    *антисептикалық таблеткаларды сору(фарингосепт, ангисепт т.б)
    *физиологиялық ертіндімен ингаляция жасау. Бронх обструкциясы қосылса, бронхкеңейткіштерменде ингаляция жасауға болады.