Жүкті әйелдерге керекті кеңестер
Қыз баласы ақ отауға келін болып түскеннен бастап — келіншек атанады. Жас келіншектің бақытты да керемет шағы — жүктілік кезеңі.Ең алғаш бойыңа бала бітіп, тіршіліктің бар екенін сезініп, көтеріп жүру — бақыт. Кейбір жағдайларда, жүкті әйелдердің алғашқы айларында, токсикоз басталады. Ол кейде 2-3 айға, тіпті туғанға дейін созылады.