Перзентханаға не алып бару керек?
Жүктіліктің соңғы апталары жақындаған сайын әрбір ананың бойында қорқыныш пен үрей билейтіні жасырын емес. Мейлі, біріншісі болсын, мейлі, төртіншісі болсын, қобалжымайтындар некен-саяқ. Толғақ кенеттен басталса абыржып, перзентханаға қажетті заттарды ұмытып кетуіңіз мүмкін. Сондықтан, алдын-ала әзірлеп қойыңыз! Енді босанғанға дейін қажет болатын заттардың тізімін жасасақ: Ең әуелі, құжаттар. Жеке бас куәлігі немесе паспорт, жүкті әйелдің картасы…