Қан қысымы: қандай кезде адам ажал құшуы мүмкін?

Қан қысымы – ойыншық емес. Төмен қан қысымында да адам ажал құшуы мүмкін бе?

Адамның қан қысымы көрсеткіші бірден өзгергенде ағзаға айтарлықтай зардап тигізетіні белгілі. Ол жоғары қан қысымы болсын, көрсеткіші төмен болсын, адам үшін қауіпті саналады. Қалай болғанда да бүгінде гипертониядан зардап шегетіндердің қатары гипотониямен салыстырғанда, айтарлықтай көп. Сонымен қатар, бұл көрсеткіштің артып бара жатқанын да айтпай кетуге болмас. Бұл дерттен зардап шегетіндер бұрындары тек егде жандардың арасында көп кездессе, қазір жастардың бойынан табылып жатқандығы қауіптендіріп отыр.

Қан қысымы – қанның тамырларға салмақ түсіретін күші. «Артериалды қан қысымы» деген тіркестің өзін дұрыс түсінбей қалатындар көп. Мұнда қан қысымы ағзадағы бүткіл қан тамырларында деп түсіну қате пікір. Қан қысымы – көк тамырда, капиллярда және жүректе де орын алады. Осы арасын анықтап алған жөн.

ААдам өміріне қауіпсіз қан қысымының көрсеткіші – сынап бағаны бойынша 120/80 мм. Қауіпсіздіктің максималды көрсеткіші – 140/90 мм болғанға дейін ғана. Егер бұл көрсеткіш бұдан да көтерілсе, гипертонияның беталысы деп түсіндіріледі. Көрсеткіштегі ең үлкен саны — систолалық артериалды қан қысымы, бұл жүректің ең жоғары дәрежеде сығылуынан пайда болатын қысым. Екінші сан – диастолалық көрсеткіш – бұл жүректің босаңсу сәтіндегі қысымы. Оларды «жоғары» және «төменгі» деп атайды.

Бірақ, бұл қалыпты көрсеткішпен салыстыруға да болмайды. Себебі, әрбір ағза бірегей екенін де есте сақтау керек. Біреулер үшін- 80/60 мм болатын қан қысымы қалыпты болуы мүмкін, ал енді біреулер үшін – 140/90 мм қалыпты саналады. Дегенмен, ағзаны бірегей екен деп, оның үстіне ешқандай қауіпті белгілері байқалмайды деп денсаулыққа, әсіресе, қан қысымының көрсеткішіне немқұрайды қарауға болмайды. Кез келген жағдайда ДӘРІГЕРдің тексеруі маңызды рөл ойнайды.

Ең қауіпті қан қысымы қандай? Қан қысымың юірден көтеріліп кетуі немесе төмендеуі жүрек-қантамыр жүйесінде айтарлықтай зардабын тигізетінін айттық. Қандай жағдайда болмасын, қалыпты қан қысымынан 20-30 пунктке жоғары немесе төмен түскен қан қысымы қауіпті саналады. Аталған сан 30-дан жоғары болса, бұл АСА ҚАУІПТІ! Қалыпты қан қысымының көрсеткіштері: с.б.б. 100/60 мм-ден төмен — гипотония; с.б.б. 140/90 мм-ден жоғары – гипертония. Адам ағзасы көтере алатын ең жоғары қан қысымы с.б.б. 300 мм-ге жеткендер өте сирек кездеседі. Себебі, бұл 100% ӨЛІММЕН АЯҚТАЛАТЫН көрсеткіш. Гипертониялық кризде (криз – мед. термин, аурудың күрт асқынуы) артериалды қан қысымы 240-260-та сынап бағанының 140-130 мм болғанын көрсетеді. Ең қиын жағдайдағы төмен қан қысымы – 70/40 мм, тіпті одан да төмен болады. Жоғары қан қысымы аяқ астынан болатын жүрек жеткіліксіздігін тудырып, көбіне аяқасты болатын болатын өлім жағдайына соқтырады.

Қан қысымы қандай жағдайда көтеріледі?

Адамның қан қысымы себепсіз көтерілмейді. Оған белгілі бір түрлі факторлардан құралатын жиынтық себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, қан қысымының көтеріліп кетуі тек ағзадағы проблемаларға ғана қатысты емес. Сондықтан, қан қысымы көтерілгенде мынадай жайттарға назар аудару керек: Ағзаның сусыздануы. Адам күніне шамамен 1,5 л су ішуі керек, бірақ тек таза су ғана. Егер ағза өзіне қажетті мөлшерде күнделікті суды қабылдамаса, қан қоюлана бастайды. Ол жүректің жұмысын ауырлатып, нәтижесінде қан қысымы жоғарылайды. Тым майлы тамақты жиі тұтыну, құрамында холестерині көп азық-түлікті пайладану. Бұл жағдайда қантамырлардақанның ағысына кедергі болатын холестеринді түйіндердің пайда болуына алып келеді. Күнделікті тағам мәзірінде тұздың шамадан тыс көп болуы. Жағымсыз әдеттер – алкоголь және темекі. Ағзаға ауыр күш салатын жұмыстар немесе олардың мүлде болмауы (гиподинамия). Тым ауыр күш түсіретін жұмыстар кезінде ағза жұмысында жаңылу орын алады. Ал керісінше, физикалық күш жұмсау мүлде болмаған жағдайда қанайналымы нашарлап, жүректің бұлшықеті босайды. Жиі орын алатын стрестер. Себептердің бірі – тұқым қуалайтын бейімділік болуы мүмкін. Сонымен қатар, 50 жастан жоғары, бүйрек пен бас жарақаты болуы да мүмкін.

Қан қысымы қандай жағдай түседі?

Бірінші және басты себеп – стрестің әсері және көңіл-күйге түсетін салмақ.

Ақыл-ойға түсетін ауыр күш.

Нашр жағдайда жасалатын жұмыс та қан қысымының түсіп кетуіне әсер етеді. Бұған – жерасты жағдайында, ылғалдылығы жоғары немесе экремалды температурада жұмыс істеу жатады.

Дене қимылы өте аз болатын жағдайлар.

Әдетте, гипотония спортшыларда жиі кездеседі. Олар дене қимылымен белсенді айналысса да қан қысымының түсіп кетуіне денеге түсетін салмақтан ағзаның қорғанысы түзілген кез себеп болатын көрінеді. Абайлаңыз, ҚАУІПТІ! Гипертония – 89%-да науқас ұйықтап жатып ажал құшады. Дәрі-дәрмек бизнесі де қан қысымы дертіне шалдыққандарды алдау арқылы пайда табады. Сондықтан, әрбір дәріні дәрігердің кеңесімен сатып алып қолдану керек. Жыл сайын қан қысымының әсерінен жүрек ауруынан әлемде 1 млн-ға жуық адам қайтыс болады.