Баланың ақылы саусақ ұшында! Сенбейсіз бе?! Бұл жай айтыла салған әдемі сөздер емес. Логопедтер мен психологтар баланың саусақтарын жаттықтырудың маңыздылығын талмай айтып келеді – бұл, ең алдымен, тілді дамыту үшін, сондай-ақ қимыл-қозғалыстың үйлесімділігін қалыпқа түсіру, баланың қолын жазу, сурет салу және қолөнермен шұғылдануға дайындау үшін аса қажет. Ғалымдардың пікірінше, саусақтары жақсы жаттыққан балалардың тілі жатық келеді, олар санауды да жақсы меңгереді, сөздік қоры мол, әрі орнымен, дұрыс пайдалана біледі, қисынды ойлап, зерделейді, оқиғаны алдын ала болжай алады, демек, жасаған іс-әрекетін түсінеді және өз қылықтарына да жауап бере алады.
Епті де икемді саусақтар – зерденің толыққанды жетілуінің (зейін, ой-сана, қиял елестері, көру және қозғалыс есі) кепілі.