Бала неліктен жалқау болады? деген сұраққа тоқталмас бұрын. Жалпы жалқаулық деген не? Ол қайдан шыққан ұғым. Осы туралы айтайын. .
Сіздер таң қалатын боларсыздар, бірақ психологияда жалқаулық деген ұғым мүлде жоқ. Ия, жалқаулық деген диагноз да жоқ.
Адамдар бір істі жасағысы келмей, көңілі қаламағандықтан жалқаулықты ойдан шығарып алған.
Көңіл жәйдан жай оянбайды, оған себеп керек. Егер алға қойған себебіңіз әсер ете алмаса, демек бұл себепті шын ниетіңізбен қаламай, түсінбей мақсат еткендіктен екен.
Шын қалағанда адам бәріне барады. Мысалы, адамның тамақ жегісі келгенде: — Күшім жетпейді, әлсізбін, білімім жетпейді, маған үйретпеді, маған көмектеспеді, көмектесер ешкімім жоқ, көре алмайды, уақытым жоқ, ертең істеймін, сосын істеймін, біреу істей салар деген сияқты сылтаулар жайында қалады. Керек па, шынымен жаныңыз қиналып, түсініп тұр екенсіз, істейсіз.
Адам шынымен қалағанда бәрін істейді. Мақсатты мұқият зерделеп, дұрыс жоспарлап қызығын көре білу керек екен.
Ал балаларда мақсат болмағандықтан, ата-ана баласына мақсатты дұрыс қоюына көмектеспегендіктен ЖАЛҚАУЛЫҚ пайда болады.
Кейбір ата-ана өз балаларының үй шаруасына көмектеспейтінін, тіпті, төсек-орнында жинамайтынын, сабаққа да немқұрайды қарайтынын айтып шағымданады. Жас кезінде бала бойында белсенділік пен жігерлілік бола тұрса да, оларда жалқаулық қайдан пайда болады?
Ең басты себеп – тәрбиенің дұрыс болмағандығы. Көптеген ата-ана баланы жас кезінен еңбекке баулымайтындығы. Көбінесе оны қорғаштап өздері істейді. «Кейін өскен соң жұмыс істеп үлгересің?», — деп аяғынсиды. Сөйтіп өз балаларын ақ саусақ, байбатша етіп өсіргенін де білмей қалады.
Жалқаулық баланың шамасы келмейтін міндет жүктеуден пайда болады. Тапсырылған жұмыстың бәрібір қолынан келмейтініне көзі жетеді де одан сырт айналады. Жұмысқа баланың шамасы келетін болғанымен, мақсаты түсініксіздеу болса да солай ете салады. .
Баланың ең кішкентай кезінен бастап еңбекке үйрету керек. Алғашқы кезде жеке тапсырмалар мен өзіне-өзі қызмет етудің ең оңайын ойын түрінде өткізген дұрыс. Ойын біртіндеп еңбектену дағдысына ауысады. .