Балаңыз болашақта өмірден өз орнын тапқанын қаласаңыз балаңызға деген шектен тыс МЕЙІРІМНЕН(шексіз махаббаттан) аулақ болыңыз. .
Естеріңізде болса осыған дейін жазған постарымда А. Некрасовтың «Материнская любовь» кітабын оқыңыздар деген едім. .
Адам өзінің мүмкіндігінен асып жақсылық жасай алмайды, өзінде жоқты біреумен бөлісе алмайды.
Бірақ өзіңді ЖЕРТВАНЫҢ роліне қойып өзге үшін жанталасатын кезіміз болады. Мұны біз МЕЙІРІМ деп түсінеміз. Сөйтсек ЖАРАТҚАННЫҢ заңына қарсы шығу екен. Мұны «Материнская любовь» деген кітаптағы мысалмен түсіндірейін.
Аналар, əсіресе жалғызбасты көбіне өзінде жоқты баласына беру үшін жанталасады. Əдемі киім, телефон, көлік.т.б.
Ия, бала шын жүректен қуанады. Бірақ мұның қайрынынан гөрі зияны көп деп түсіндіреді. Анасы өзін қинап ештеңені баласына ұсынуына болмайды екен. Өмірдің заңын бұзады. Заңы бұзылғанда адамның тағдыры да бір жүйеден ауытқиды.
Мен көп көретін бір ситуация бар. Жалғызбасты аналардан «мен тұрмыс қүрғым келмейді, балама зияны тиеді деп қорқамын» деген сөзді жиі естимін. Əрине баласының болашағына алаңдау өте орынды. Бірақ кітаптың авторының түсіндіруінше, анасы бұлайша баласының да жолын жабады. Өйткені балаға анасының өз өмірін оған арнауы түкке де керегі жоқ. Балаға анасының не əкесінің бақыты керек. Бала осы қасиеті үшін ананы жақсы көріп кетпейді, онымен шынайы махаббатты сатып ала алмайсың. Баланың махаббаты анасы шын бақытты болғанда ғана толыса түседі,- дейді.
Сол секілді адам өзінің күші жетпеген іске, дүниеге тырмысса бəрібір бір шикілік шығатыны рас. Бұйырмайтын дүние бəрібір бұйырмайды. Сондықтан бар мүмкіндікке сай өмір сүру керек. Бірақ бұл бір орында тұру деген сөз емес. Қанағат ете отырып та алға ұмытылуға болады.
Мен ой толғау ретінде жаздым. Ұнаса назарға аларсыз.))