Астана қаласының перзентханалары

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы

Ел ордасы Астана қаласында жыл сайын 16 мыңдай сәби дүниеге келеді. Сол сәбилердің біразы жоғары дәрежеде қызмет көрсететін перзентханаларда дүние есігін ашады екен. Астаналық перзентханаларға шолу жасаған адамдардың айтуынша, ол жақтағы жақсы жағдайды көрген әйелдер жасалған жағдайларды көріп, риза болады.

Босанатын әйелдерге медицина жәрдем беретін мекемелерді таңдау еркі – өзіңізде
Қазіргі уақыттағы Ұлттық бірыңғайденсаулық сақтау жүйесі бойынша әрбір жүкті әйел өзі қалаған перзентханада (Қазақстанның кез келген қаласында) босана алады. Қалтасы көтергендер ақылы бөлімдерді таңдайды.

«Тиімді перинаталдық күтім» бағдарламасы
Қазақстанның территориясындағы барлық босануға қатысты мекемелер Дүнежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының «Тиімді перинаталдық күтім» бағдарламасы бойынша қызмет көрсетеді. Ол бағдарламаның ерекшелігі туу (босану) кезінде қарапайым әдістерді қамтуы мен қымбат дәрі-дәрмектер мен қымбат жабдықтардың көмегінсіз босануға жағдай жасауда жатыр. Бағдарламаның негізгі ұстанымдары мынадай:

  • жүкті әйелдер, мүмкіндігінше, үй жағдайына өте ұқсас жағдайда босануы керек;
  • физиологиялық тұрғыдан алғанда табиғи жолмен, барынша басқа да араласуларды (мыс.: хирургиялық, дәрігерлік) болдырмау арқылы босану.

ДДсҰ арнайы бағдарламасы босану әйелге қатысты дәрігерлердің көмек көрсетулерін тағайындайтын немесе көмек қажет емес екендігін анықтайтын нақты критерилерді көрсеткен.

Дерек: Мамандардың айтуынша, босанатын әйелдердің 80 пайызы дәрігерлер көмегін қажет етпейді. Ондай әйелдер босанғанда дәргерлердің бақылауы ғана жеткілікті. Ал 15 пайыз әйелдердің босанулары кезінде дәрігерлердің түрлі деңгейдегі көмектері қажет болып жатады.

Қазір босанатын әйелдерді толғақтары кезінде арнайы дәрілермен екпейді (табиғи жолмен босануы үшін), босанғаннан кейін себепсіз антибиотиктер қабылдатпайды. Аналарға барынша аз дәрі егуге тырысады.
«Тиімді перинаталдық күтім» бағдарламасы босану алдындағы жүкті әйелдердің психологиялық және эмоциялық дайындығына баса назар аударады. Сондықтан әйел босанатын кезде жанына қалаған адамын алдыруына рұқсат етілген. Үйдегідей жағдай дегеніміз – осы.

Перзентханалардың деңгейлері
Астанадағы барлық ана мен балаға қатысты денсаулықсақтау мекемелері, перзентханалармен қоса, медициналық қызмет көрсетулері мен олардың түрлері бойынша және жабдықталуы бойынша ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің «ҚР-ның перинаталдық көмектерін аймақтастыру туралы» Жарлығы аясында төрт түрлі деңгейге бөлінген. Ең жоғары деңгей – төртінші деңгей.
Үшінші және төртінші деңгейдегі мекемелер жүктілігі қиын жағдайдағы әйелдерді қабылдай алады. Ол жерлерде әйелдерге арнайы кеңестер беріледі.
Егер сізді екінші немесе бірінші деңгейдегі мекемелерге жіберсе, қам жемеңіз. Денсаулығыңыз бен жүктілігіңіз қалыпты жағдайда болса, жоғары деңгейдегі перзентханаларда босану маңызды емес. Сіз үшін маңыздысы – жақсы дәрігер-мамандар (акушер, акшер-гинеколог). Ондай мамандар төменгі деңгейлі перзентханаларда да бар.

Жүкті әйелдерге қызмет көрсететін мекемелердің барлығында дерлік «Болашақ аналар мектебі» мен босану кезінде босанатын әйелдің жанында болатын жақын адамға арналған арнайы курстар болады. Аналарға арналған мектептерге қалаған жеріңіз бойынша бара аласыз.

Есте жүрсін!
Кейбір перзентханалар босанатын әйелдің жанында болатын жақынының флюорографиялық таспасын талап етеді екен. Сол үшін алдын ала мән-жайды біліп алу керек.

Перзентханаға қандай дайындықпен бару керек?
Егер сіз Астана қаласындағы (жалпы, қай жерде болса да) перзентханалардың бірінде босанатын болсаңыз, өзіңізбен бірге алатын құжаттардың ішінде неке туралы куәлік, өзіңіздің және жұбайыңыздың жеке куәлігі болуы керек. Жұбайыңыздың куәлігі балаларыңыздың туу туралы куәлігін рәсімдеу үшін керек болады. Ия, дәл сіз босанатын перзентханада АХАТ бөлімінің мамандары болуы мүмкін. Сол қызметкерлер перзентханадан шықпай-ақ туу туралы куәлікті қолдарыңызға тапсырады.
Жеке бас гигиенасына қатысты заттарға келер болсақ, халат пен аяқкиім алуды ұмытпаңыз. Тіс тазалау мен жуынып-шайынуға қажетті заттарды айтпаса да алуыңыз керек.
Кішкентай сәби дүниеге келгеннен бастап бір реттік жаялықтар пайдаланылады. Сондай-ақ, дамбалдар (ползунки), шұлықтар (носки) және қалпақ та өте қажет. Мұндай заттарды әрбір перзентхана бере бермейді. Егер тегін беріп жатса, өзіңізбен алып барған заттарыңыз артықтық етпейді.

Астанада қандай мекемелерде босануға болады?
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы (АмБҰҒО), төртінші деңгейлі мекеме.
Мұнда жүктілігі қиын жағдайдағы әйелдер мен жүрегінде ақауы бар жүкті әйелдерге қызмет көрсетіледі. Арнайы нұсқау, госпитализация бюросы арқылы және квота бойынша келген әйелдер үшін барлық қызмет тегін көрсетіледі. Ал кереметтей жағдайда босанамын деушілер болса, қызметтер ақылы түрде көрсетіледі (80-100 мың тг.). Ана мен бала ҰҒО жабдықталуы жағынан қонақ үйге ұқсас. Жаныңызға керектінің барлығын таба аласыз.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Есілдің сол жағалауы, Тұран даңғылы, 32
Тел.: 8(7172)70-14-29, Web: www.nrcmc.kz

№3 қалалық перзентхана, үшінші деңгейлі мекеме.
Астананың ең жас перзентханасы. 2009 жылы ашылған. Мұнда жоғары білікті мамандар қызмет етеді. Көрсетілетін қызметтер мен жабдықталуы үйдегі жағдайға ұқсас, тұрғылықты мекені бойынша сол перзентханаға қарайтын аудандағы әйелдер мен басқа жақтан арнайы нұсқау және госпитализация бюросы арқылы келген әйелдерге тегін түрде көрсетіледі. Перзентханада ақылы қызмет түрлері жоқ.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, №30 көше, 8
Тел.: 8(7172)47-44-05, Web: www.astana-roddom3.kz

Перинаталдық орталық Перинатальный центр

Перинаталдық орталық, үшінші деңгейлі мекеме.
Бұл орталықтағы қызмет тұрғылықты мекені бойынша сол перзентханаға қарайтын аудандағы жүктілі қиын және денсаулығында ақауы бар әйелдер мен госпитализация бюросы арқылы келген әйелдерге тегін түрде көрсетіледі. Ақылы қызмет түрлері бар.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік к-сі, 3/1
Тел.: 8(7172)36-60-70, Web: www.perinatal-astana.kz

№1 қалалық перзентхана

№1 қалалық перзентхана, екінші деңгейлі мекеме.
Астананың ең «қарт» әрі «тәжірибелі» перзентханасы. Мұндағы қызметкерлердің біразы 35 жыл бойына жас нәрестелердің жарық дүние есігін ашуларына себепкер болып келеді.
Негізі, бұл перзентхана жүктілігі мен босануында ешқандай қауіп жоқ әйелдерге арналған. Егер күтпеген жағдай болып жатса (сәбидің денсаулығы нашар болса, салмағы аз болса, т.б.), онда ондай сәбилерге қызмет көрсететін жабдықтары да бар.
Ақылы қызмет түрлері де қарастырылған.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Ә.Молдағұлова к-сі, 28
Тел.: 8(7172)30-29-13, Web: www.roddom1.kz
Фотолар аталған мекемелердің ресми сайттарынан алынды

28 thoughts on “Астана қаласының перзентханалары

  1. Сəлеметсіздер ме.Ана мен балада ақылы түрде босану (80-100)мың деп тұр мына сайтта. Ал менеджер маған 200мыңның үстінде деді.қай ақпар дұрыс???

  2. Саламатсызба!менин балама 2ай?емханага барганда педиатр енбеги улкендеу деди,уйде анда-санда мазасызданып катты жылайды басында иши ауырад шыгар дейтинбиз олда бар,бирак бир рет катты жылаганда иши емес енбеги лупилдеп турды бираздан кейн басылды?узиге тусирейнбе?енбеги улкен дегенге аландап журмин,неге не истеуге болад деп

  3. Салеметсизбе!калайсыныз
    сурайын дегеним,апам 2ши баласын тусирип алды.1шиси 2айларында выкидыш деген,2шиси 3айында не развивающий деп алып тастаган.кырып тазалаган.енди апам котере алама,канша ай кутину керек ?ана мен бала орталыгында порталмен барып емделе алама,емделу курсы неше кун,ай?порталды кайдан аштырады?отиниш толык жауап беринизши

  4. Саламатсыздарма. Маган31апта болды балан оспей жатыр дид. Оны калай ары карай дамытуга болады. Алде уакытынан бурын босандырып алама. Жане салмак коспай жаьр дид. Асказаны шектери улкен диди. Калай емдеуге болады. Сабиімди колыма алгым келеди аман есен.

  5. Сәлеметсізбе, мені08.08.2017ж Ота жасауға жаткызады бірак мен үшін бұл кеш. Кайда хабарласуға болады?

Comments are closed.