Қынап (орыс.: влагалище; лат.: vagina) — әйелдің ішкі жыныстық мүшелерінің бірі, түтік тәрізді болып келеді, қыздық пердеден жатыр мойнына дейінгі аралықты алып жатыр. Жатырдың қалыпты жағдайдағы ұзынды 7-12 см құрайды. Қабырғасы созылмалы бұлшықеттен және шырышты қабаттан тұратындықтан, жынысты0 қатынас кезінде еркектің жыныс мүшесінің ыңғайына қарай пішіні мен ұзындығын өзгертіп отырады. Сол себептен жыныстық қатынас кезінде жарақат алу қаупі едәуір азаяды. Қынаптың қабырғасы Қынаптың қабырғасының қалыңдығы 3-4 мм құрайды, үш қабаттан тұрады. Қалыпты жағдайдағы түсі бозғылт-қызғыш түті болса, жүктілік кезінде қою сирень түстес болады. Қынаптың қызметі Қынаптың функциялары көп. Солардың негізгілеріне жыныстық мүше ретіндегі қызметін, босану кезіндегі туыт жолы мүшесі қызметін, қорғаныштық қызметін және өткізгіштік қызметін жатқызуға болады.