Бала, ұрпақ, перзент туралы мақал-мәтелдер (Екінші бөлім)

Қазақ халқының бала, ұрпақ, перзент, ұл, қыз туралы мақал-мәтелдері (Екінші бөлім)
***
Балаға пышақ бермесе, бір жылар,
Пышақ берсең, екі жылар.
***
Бала соққан кездіктің басы жарық.
***
Баланың ұяты – әкеге,
Қыздың ұяты – шешеге.
***
Бала ханнан үлкен, ашамай нардан үлкен.
***
Балалық шағы – ханның тағы.
***
Болар елдің баласы он бесінде «Баспын» дер,
Болмас елдің баласы отыз бесте «Жаспын» дер.
***
Бойың жетсе де, ойың жеткен жоқ.
***
Есер баладан ерке бала жаман.
***
Бойдақты ұлым бар деме,
Бұқаны малым бар деме.
***
Боранды күні бала құтырар,
Желді күні ит құтырар.
***
Емшек бермесе де, емізік берген ана бар,
Бақпасаң да, басыңды сүйер бала бар.
***
Ер бала ата-анаға таяу,
Қыз бала үйге жаққан бояу.
***
Ер бала он бесте отау иесі.
***
Еркенің көзі кеппес, жорғаның тері кеппес.
***
Еркенің көзі жасты, етегін бұзау басты.
***
Ер ұғыл (ұл) тап, еркеленіп жат.
***
Жалғыз баласы атқа шапса, анасы үйінде отырып тақымын қысар.
***
Жақсы бала еліне бас болады,
Жаман бала еліне қас болады.
***
Жақсы ұл – көңіл тоғы,
Жаман ұл – мұрын боғы.
***
Өзі жығылған бала жыламайды.
***
Тайдың мінгені білінбес, баланың істегені білінбес.
***
Кіші баланың ұятын үлкен бала көтереді.
***
Күнсіз гүл өспес,
Күтусіз ұл өспес.
***
Қазанға жақын жүрме, күйесі жұғады,
Балаға жақын жүрме, бәлесі жұғады.
***
Жақсы бала – сүйік,
Жаман бала – күйік.
***
Жаман да болса ұрпақ қалсын,
Өз орнында отың жансын.
***
Баланың сөзі батпандай,
Келіннің сөзі кетпендей.
***
Жас бала құстың көлеңкесінен тоңады.
***
Жалғыз ұлы бар кісінің шығар-шықпас жаны бар,
Екі ұлы бар кісінің өкпе-бауыр, жалы бар,
Үш ұлы бар кісінің бұқарада малы бар, қорасында қолы бар,
Төрт ұлы бар кісінің аспаннан салған жолы бар.
***
Жыламаған балаға емшек бермейді.
***
Жылауық болса да, баланың бары жақсы,
Бақырауық болса да, түйенің бары жақсы.
***
Жылайтын баланың үш күн бұрын көзі қышиды.
***
Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.
***
Жауатын күн – ыстық, болатын бала – пысық.
***
Итпен ойнасаң, үрерсің,
Баламен ойнасаң, күлерсің.
***
Іштен шыққан шұбар жылан.
***
Кісі болар баланы кісісінен танимын.
***
Кекшіл бала – дықшыл.
***
Көңілсізден көзсіз бала туар.
***
Ұлың көңілшек болса, атының соры,
Қызың көңілшек болса, басының соры.
***
Күтсең ата-анаңды, кешірер атаң қатеңді,
«Алғыс алған адам» деп, халық алар батаңды.
***
Күлшелі бала – сүйкімді.
***
Қараның баласына қазан мен сөз керек.
***
Қарағайға қарап тал өсер,
Қатарына қарап бала өсер.
***
Қошқар болар қозының маңдай алды дөң болар,
Адам болар жігіттің етек-жеңі кең болар.
***

Ұқсас мақалалар

Бала, ұрпақ, перзент туралы мақал-мәтелдер (Бірінші бөлім)

Қызықты

Өзбекше палау

Ол үшін: ▫1-кг морковь ▫2-3 бас пияз ▫1-кг күріш ▫Пісте майы шамалап ▫250-300 гр...

Құрғақ жөтелді қалай жеңілдетуге болады?

Тұмау мен ЖРВИ сезоны бітер емес. Соңғы кезде, тыныс жолдары...

Үй жағдайында бала денсаулығын нығайту

  Үй жағдайында бала денсаулығын нығайту Қазіргі таңда пайда болып жатырған...

Эскимо торты

Креміне: Сут 250гр (2, 5%) Секер 180гр Ұн 60гр Жұмыртқаның сарысы 3 шт Сарымай...

Киви — сұлулық жемісі

Сұлу болу үшін бет күтіміне аса мән беру керек....