Қыз баласы ақ отауға келін болып түскеннен бастап — келіншек атанады. Жас келіншектің бақытты да керемет шағы — жүктілік кезеңі.Ең алғаш бойыңа бала бітіп, тіршіліктің бар екенін сезініп, көтеріп жүру — бақыт.
Кейбір жағдайларда, жүкті әйелдердің алғашқы айларында, токсикоз басталады. Ол кейде 2-3 айға, тіпті туғанға дейін созылады. Бүгінгі медицинаның дамыған заманында токсикозды тоқтатын да дәрілік препараттар бар. Ол туралы өз дәрігеріңізбен ақылдысыңыз.
Жүктілік кезеңінде — стресс, көңіл-күйдің болмауы, ашуланшақтық осының барлығы болашақ анаға ғана емес, іште жатқан балаға да әсер етпей қоймайды. Сондықтан көңіл-күйіңізді көтеруге тырысып,жақсы әндер тыңдап, комедия жанрындағы киноларды көру керек. Тіпті медицина да «әдемі заттарға көп қараса, баланың сұлулығына әсер етеді» деген пікірді дәлелдеген. Осыған орай әдемі бақытты жандарға қарап, өзіңіздің балаңызды құшағыңызға алған сәтті көз алдыңызға елестетіңіз.
Аяғыңыз ауыр кезде ұрысқақ болмаңыз, шулы жерлерге көп бармауға тырысыңыз. Дәрігерлердің кеңесі бойынша, ренжісу артериалды қан қысымының көтерілуіне әкелсе, іште жатқан балаға да зиян.
Терезе, стол үстіне, ыңғайсыз жерлерге отырмағаныңыз абзал, құлап қалуыңыз ықтимал.
Гинекологтардың айтуынша, 20 аптадан бастап қатты созылып кір жаюға болмайды екен ол ерте босану салдарына әкелуі мүмкін.
Жүктілік кезеңінде үй жануарларымен, соның ішінде, көп ауру жұқтыратын мысықпен ойнауға болмайды. Жұқтыратын аурулардың ішіндегі ең қауіптісі — токсоплазмоз. Жұққан жағдайда іштегі бала шетінеп кетуі мүмкін я болмаса туылған баланың нерв жүйесіне тікелей әсер етеді.
Жүктіліктің 3-ші кезеңінде көп толғандыратын мәселе — артық салмақ және терінің жыртылуы. Өз денсаулығыңызға немқұрайлы қарамай, алкогольді ішімдіктерден, темекіден, тіпті шамадан тыс кофеден және коладан бас тартқаныңыз жөн (құрамында кофеин бар). Алкоголь мен темекі баланың кемтар туылуына немесе денсаулығының түрлі деңгейде зақымдануына әкеп соғады. Оның есесіне, денсаулыққа пайдалы табиғи піскен көкөністер мен жеміс-жидектерді жеңіз және жаңа сығылған шырын ішсеңіз, нұр үстіне нұр! Сусындарды (барлықсусындарды қоса алғанда) күніне 2-2,5 литр шамасында ішіңіз.
Көптеген әйелдерде жүктілік кезеңінде тәбеттері ашылып, кондитерлік тәттілерді жегісі келеді. Әрине, жеу керек, алайда артығымен емес. Артығымен жеу ісінулер мен варикоз пайда болу қаупі бар және босанғаннан кейінгі фигураңызға әсерін тигізеді. Жүріп тамақтанудан, дүкендерде тұрған тез дайындалатын тағамдарды мейлінше жемеуге тырысыңыз. Есесіне, дастархан басында асықпай отырып, үйде пісірілген тағамдарды жеу пайдалы.
Екінші триместрде іш аздап шықса, үшінші триместрде тынысыңыз тарылып, ішіңіз де өседі. Осы кезде тері жыртылғандай болып, созыла бастайды. Одан қорқудың қажеті жоқ. Өйткені ол — табиғи нәрсе. Бірақ дәрігеріңіздің кеңесімен қажетті ем-домды жасаңыз. Әдетте, косметикалық заттардың көмегімен теріге күтімжасайды. Сонымен қатар минералдарға, дәрумендерге (витаминдер) толы тағамдармен тамақтансаңыз (мысалы: балық фторға бай; ет темірге бай; банан, қызанақ, мейіз, алмұрт калийге бай) болады. Сол сияқты А және Е дәрумендері бар астармен тамақтансаңыз, тері жыртылуын алдын алуға болады. Бірақ А дәруменін тым мөлшерде пайдаланудан сақтаныңыз. Оның ұрыққа қауіпі бар.
Физикалық қимылдау: саябақтарда көп серуендеу, аэробика мен бассейн (жүкті әйелдерге арналған) көп көмегін тигізеді.
Қорытындылай келе, жүкті келіншектерге кеңес — салауатты өмір салтын ұстанып, келешекте дені сау ұрпақ әкелуді әзірден ойланайық, ҚҰРМЕТТІ КЕЛІНШЕКТЕР!
Ұқсас мақалалар
Бала босанғаннан кейін үй шаруасына қалай үлгеруге болады?
Жүкті әйелге қажетті дәрумендер (витаминдер)
Сәлеметсіздерме?! Жүктілік кезінде бояну зиян ба?
Сәлем! Мен жүктіліктің алғашқы айларында аздап сыра ішкен едім бұл сәбиіме қаншалықты зиян? Алдын ала рахмет!
салеметсизбе!мен сурайын дегеним менин етеккирим алдынгы маусым айынын 13и келген болатын осы айда келмей калды менин жукти болуым мумкинба?
қыздығыңды алмасам бала туа аламба
Салеметсизбе! Менин жуктилигиме 6 апта болды.
Менин сурайын дегеним менен аздап жугинды кан шыгып тур ол не себепти билуиме болады ма?
Алдын ала рахмет!