Иіссу туралы қызықты деректер
1. Жеуге жарамды иіссу бар. Гарвард университетінің биологы Шереф Манси жəне австралиялық парфюмер Люси МакРей хошиісті капсула ойлап тапты. Жеген адамның үстінен хошиіс бөлінеді. Бұндай иіссу сатылымда жоқ, əлі зерттелу үстінде. 2. Ең қымбат қоспалы иіссу мускус бұғысынан екен. 1 келі экзотикалық мускус 60.000 доллар көлемінде тұрады. 3. Иістерді зерттейтін ілім — ольфактометрия деп аталады.