Ірімшік қосылған салат
Құрамы: 1 жұмыртқа, 2 шай қасық ұсақталған көк жуа, 80 грамм ірімшік, сарымсақтық бір баданасы, 2 шай қасық майонез, тұз әркімнің қалауынша. Дайындау процесі: Әуелі жұмыртқа әбден пісіріледі, суытылып, қабығы аршылады. Содан кейін ол да, осы салатқа арналған ірімшік те қиықшалап кесіліп, ұсақтап туралған көк жуамен араластырылады. Сөйтіп, тұз қосылып ұнтақталған сарымсағы бар ыдысқа аударылады…