Баланың көз қылилығы туралы

Көзі қыли бала, Қыли көз, Қыликөзділік,
Қыли, қылилық, гетерофория (strabіsmus) — көз ақауы, екі көздің көру бағытының бір нүктеде түйіспеуі. Егер сіздің балаңыз 6 айға толып койып, бірақ көзінің қылилығы кетпеген болса міндетті түрде дәрігер-окулситпен кеңескеніңіз жөн. Көп кешіктірмей ем қабылдаған дұрыс болады.

Қылилықтың себептері

Қылилық – бұл көздің көруін нашарлататын ауру. Қыли көздің бұлшық еттерінің қиысу қызметінің бұзылуы әсерінен пайда болады. Қылилықта көздің көруіне тек бір көз қатысады, ал шапыраш көз қимылдамайды. Қылилық кезінде көздің біреуі мұрын жаққа немесе шекеге, не жоғарыға не төменге ауытқуы мүмкін Сәбилерде қылилық өте сирек болса да бұл ауыр ақаудың белгісі болуы мүмкін, мысалы туа біткен катаракт. Негізінен қылилық 2-3 жастағы балаларда жиі кездеседі, өйткені екі көздің қалыпты қызметі осы кезде орнығады. Қылилықтың пайда болуына жұқпалы аурулар (тұмау, қызылша, т.б), жарақат, психикалық зақымы (қорқу), ми аурулары себепкер болады.

Қылилықтың түрлері

Қылилықтың 20-дан астам түрі болады. Оның жиірек кездесетін түрлері мыналар: аккомодациялық – үйлесімді қылилық, көз кемістігін (аметропия) түзеткеннен кейін жойылады; аккомодациясыз – ол көз кемістігін (аметропия) түзеткеннен кейін де жойылмайды; ауыспалы – ол кейде оң көзге, кейде сол көзге ауысып тұрады; бір жақты – тек бір көздің ақауы; салдық – көзді қозғалтатын бұлшықеттер қызметінің бұзылуынан пайда болатын; қитар – көздің ішке қарай ауытқуынан; шапыраш – көздің сыртқа қарай ауытқуынан пайда болады.

Не істеу керек?  

Қылилық көздің оптикалық ақауы себебінен болса, онда көзілдірік тағу керек. Ол қылилықтың жойылуына себепші бола алады. Көзілдірікті 1,5-2 жастан балаларға арнайы кигізіп жаттықтырады. Егерде бірер жылда жазылмаған болса, онда хирургиялық әдісті қолдануға тура келеді.

Вундеркинд болу оңай ма екен?

Қазіргі кезде балалардың көпшілігі 4 жастан бастап-ақ жазу мен оқуға құштар болып келеді, бірақ бұнын астарында көздің көруінің нашарлауы жатыр. Балаңызға көзін талдыратындай ұзақ уақыттық сабақтармен шаршатпаңыз, ұзақ уақыт теледидар көруге, компьютерлік ойындарды ойнауға рұқсат бермеңіз. Бұнын бәрімен 40 минут қана айналысқан жөн, ал одан кейін міндетті түрде 20 минуттық үзіліс. Бұл әсіресе көзінде қылилығы бар балаларға қатысты.

Балаңыз сурет салып немесе кітап оқып отырса оның бүкірленбей отыруына, сонымен қатар парақ пен көздің арақашықтығы 30-40 см болуына көңіл аударыңыз.

Көзі қыли балалар өз қатарластарына қарағанда қопалықтау болуы мүмкін, өйткені олардың қыймыл үйлестігі оңша жақсы еместігін ата-анасы ескергені жөн. Мұндай малаларды коньки тебуді үйретуге асықпаңыз, бұл оған қиын және ол басқа балаларға қарағанда жиі құлайтын болады. Ал суда жүзу ( секіру емес), бимен айналысқан, ушумен (төбелес өнері) айналысу оған пайдалы болады, өйткені бұлар қимыл үйлестігін жақсы дамытады.

Венера Садықбекова

фото: ourpmc.com

5 thoughts on “Баланың көз қылилығы туралы

  1. Салеметсизбе менің кызымнын козі екі жака карайды не істеуге болады 2айлық

  2. Кызым 2айлық көзі екі жака карайды кейде не истеуге болады

  3. Менің қызымның көзінде қылилық ақау бар,өзі 7айлық болып туылды,басында мини киста деген диагноз қойылды. Дәрігерлер ол ақау сол бас ауруынан деген пікір айтты,казір 2жаста,бірақ әлі көзіндегі қылиы кете қойған жоқ. Ал басындағы кистасын невропотолог дәрігерге емделгенбіз. Сонда көзінің қылилығы басындағы ауруға қатысы жоқ болғаныма,алде оны көз дәрігеріне көрсету керекпе?

  4. Менің көзім қыли. Яғни, сол көзім. Мектеп бітіргенше көзілдірік тақтым. Қазір қисайып бара жатқан сияқты. Не істесем болады? Ара-тұра жаттығу жасап тұрамын. 87051236895

  5. Саламатсыз ба?! Менің қызым 4,5 айлық. Екі көзін қитарландырып, мұрнының ұшына қаратып, ернін жиырып алады. Не істеуге болады? 2күннен бері мазасыз.

Comments are closed.