Есептеудің ең тиімді бес жолы

Калькулятор қолдануға үйреніп қалғанымыз соншалықты, кей жағдайда қарапайым есептерді де шеше алмай ойланамыз. Бүгінгі материалда калькулятордың көмегінсіз есептеудің тиімді әрі жеңіл бес жолын айтамыз.

1. Беске көбейту

Санды 5-ке жеңіл көбейту үшін, алдымен санды 2-ге бөліп, содан соң 10-ға көбейткен жөн. Бірақ ол сіздің үйреншікті есептеу жолыңызға да байланысты. Біреулерге 5-ке көбейткен ыңғайлы.

Мысалы: 22 х 5 = 110 немесе 22 / 2 = 11, 11 х 10 = 110

2. Төртке көбейту

Санды 4-ке көбейту кезінде көбейту кестесін еске түсіріп отырудың қажеті жоқ. 2-ге екі рет көбейту арқылы есептеген жеңілге түседі.

Мысалы: 9 х 4 = 36 немесе 9 х 2 = 18, 18 х 2 = 36

3. Үшке бөлінгіштігін тексеру

Кез келген санның 3-ке бөлінетіндігін білу үшін сол санды құрауыштардың қосындысы 3-ке бөліну қажет.

Мысалы: 126, 1 + 2 + 6 = 9. 9 саны 3-ке бөлінетіндіктен, 126 саны да 3-ке бөлінеді.

4. Үш таңбалы санды 1001-ге көбейту

Үш таңбалы сандарды 1001 санына қарапайым жолмен көбейтуге болады. Кез келген үш таңбалы санды 1001-ге көбейткен кезде, сол бірінші көбейткіш сан екі рет қайталанады.

Мысалы: 589 х 1001 = 589589

5. Тоғызға көбейту

Егер санды ойша 9-ға көбейту қиынға түссе, сол санды алдымен 10-ға көбейтіп, одан сол бастапқы санды азайтып тастаңыз.

Мысалы: 24 х 9 = 216 немесе (24 х 10) – 24 = 240 – 24 = 216

spot_img

Қызықты

Қасты қалай қалыпқа келтіреміз?

 Арманыңыздағы қалың, əдемі қасты қалай өсірсек болады. Егер абайсызда...

Балалардағы мазасыздық

  Кейде балаларда әртүрлі жағдайларға байланысты қобалжушылық(мазасыздық) болуы мүмкін. Мысалы:...

Тұтығуды қалай жеңуге болады?

Тұтығу немесе логоневроз - бұл буындардың немесе дыбыстардың жиі...

Жүкті әйелдің ағзасындағы өзгерістер

Жүктілік кезінде болатын әйел ағзасындағы өзгерістер әртүрлі қолайсыздықтарға толы. Ерте...

Сочниктер

Қамырына: Қаймақ 4 ас қасық Жұмыртқа 2 дана Қант 2 ас касык Сары...