Дүниеге келгеннен кейін бірнеше күннен соң анасының жатырында жатып-ақ пайда болған сәбидің шашы түсе бастайды. Оның орнына жаңасы өседі.
Жас аналар сәбидің басындағы теріні қаптап тұратын қалың сарғыш қабыршаққа бола үнемі мазасызданады. Бұған бола мазасызданудың қажеті жоқ: бұл – қалыпты физикалық құбылыс. Алайда теріні еркін тыныс алып тұру үшін артық қабыршақтардан жиі тазалап тұрған дұрыс. Бұны жасау айтарлықтай күрделі емес.
Баланы шомылдырар алдында басының терісін маймен не вазелинмен майлап алу керек. Су мен май қабыршақтарды жұмсартады, ал жұмсарған қабыршақтарды тістері жиі кішкентай тарақпен тарап алып тастауға болады. Барлық қабыршықтар алынғанша бұл әдісті бірнеше күн қатарынан қайталауыңызға тура келеді.
Кейбір ата-аналар сәбиінің шашының қалыңдығына уайымдайды. Бірақ ол 2 жасқа толмағанша, сәбидің шашын жақсарту үшін қандай да бір шараларды жасаудың қажеті жоқ. Әдеттегідей, балалардың шаштары жақсы күйде болады, оларды тек тарап, өсіп кетсе қиып, жуып тұрған жеткілікті.
Шаш тазалығы туралы не білу керек?
- Сәбидің өзінің жеке сусабыны (шампунь) болу керек, тек балаларға арналған түрі.
- Баланың басын жуып болған соң тек таза, жұмсақ сүлгімен сүртіңіз.
- Отбасында барлығы қолданылатын тарақпен баланың шашын тарамаңыз, оның жеке тарағы болсын. (жалпы, отбасының бір мүшесі болса да әр адамның жеке тарағы болу керек.) Егер бұл қарапайым тазалық ережесін сақтамаса, тері инфекциясын немесе қайызғақты жұқтырып алуы мүмкін. (Есіңізде болсын, қайызғақ та аурудың бір түрі, оның қоздырушысы бар!) Балаңызға тістері кішкентай тарақ алып беріңіз. Сатып аларда мұқият тексеріп алыңыз, шашының терісін жарақаттап алмайтындай болсын.
- Тарақты үнемі жуып, тазалап тұрыңыз.
Ұқсас мақалалар