Балаға аяқкиім таңдау

Баланың аяғы ана құрсағында жатқанда алтыншы айда-ақ жетіле бастайды. Ал, 20 жасқа жеткенде қалыптасу процесі тоқтайды. Дүниеге келген соң алғашқы 2-3 жылда аяқтарының өте жылдам қарқынмен өсетіндігі соншалық, сатып алған аяқ киімдеріңіз тозбай жатып сыймай қалады. Сондықтан, балаңыздың аяғына дәл келетін аяқ киімді таңдау оңай шаруа емес. Әдетте, балаға 9-10 айға толған соң аяқ киім…

Read More

Баланың ішінің қатуы қауіпті ме?

Емшектегі балалар арасында кездесетін аурудың түрі көп. Олардың бірі – іш қату. Іш қатқаны қандай да бір дерттің белгісі. Оған жүрдім-бардым қарауға болмайды. Аталған қиындыққа кез-келген ата-ана өмірінде кем дегенде бір рет бетпе-бет жолығады. Сондықтан, оны емдеуде дәрігер кеңесі артықтық етпейді. Тараз қалалық №2 емхананың балалар дәрігері Перуза Тәжібаева аналарға мынадай кеңес береді. Іш қату…

Read More

Баланың көз қылилығы туралы

Қыли, қылилық, гетерофория (strabіsmus) — көз ақауы, екі көздің көру бағытының бір нүктеде түйіспеуі. Егер сіздің балаңыз 6 айға толып койып, бірақ көзінің қылилығы кетпеген болса міндетті түрде дәрігер-окулситпен кеңескеніңіз жөн. Көп кешіктірмей ем қабылдаған дұрыс болады. Қылилықтың себептері Қылилық – бұл көздің көруін нашарлататын ауру. Қыли көздің бұлшық еттерінің қиысу қызметінің бұзылуы әсерінен пайда…

Read More

Баланың бұлшық етіне укол сала аласыз ба?

Кішкентай балаңыз сырқаттанып қалды делік. Дәрігер антибиотиктер тағайындады. Таблеткалармен қатар жамбасқа инемен дәрі жіберу (укол салу) керек болды. Күніне бір рет емес 3 рет. Таң атпастан немесе қас қарая емханалар жұмыс істемейтіндіктен өздігінен дәрі еге алмайтын аналар үшін қиындық тудыратыны бар. Тіпті, кейбірі  таныс маман іздеп, әуре-сарсаңға түседі. Ал, қиындықтан шығудың амалын қарастырып, өздігінен қолына…

Read More

Баланың өтірігінің алдын алуға бола ма?

Мақаланың басы: Бала неге өтірік айтады? Баланың өтірігінің алдын алуға бола ма? Отбасында өтірік айтудың қажеті жоқ жағдайларды қалыптастырыңыз. Егер бала ата-анасына өзінің құпияларын сеніп айта алатынын білсе, оның әрекеттері талқыланып, дұрыс деп қарастырылса, ал жазалану тәрбиелеу әдісі ретінде қолданылмаса, онда өтірік айтудың себебі ешқашан туындамауы мүмкін. Өтірігінің бетін ашып, жазаламас бұрын ең алдымен балаңызды…

Read More

Балалар — біздің болашақ

Балалар — біздің болашақ Қасым Аманжолов Балалар — біздің болашақ, Сүйсінеміз, сүйеміз. Бұл болашак тамаша-ақ! Болашаққа иеміз. Көтеріп жас сәбиді, «Күлші, бөпе, күл!» — дейміз. Көңіл дария шалқиды, Балалармен гүлдейміз. Алға кетіп барамыз Болашақты құшақтап. Жыламайды баламыз Көзден жасы бұршақтап. Жыламайды баламыз, Жылатпаймыз еш уақыт. Бәрі бізде, қараңыз: Өмір, өлең, күш, бақыт!

Read More

Балалар арасындағы тершеңдік

Балалар арасында тершеңдік жиі кездеседі. Сәби ұйқыда жатқанда малшынып терлейтіндіктен ұйқысы бұзылып жатады. Мұны ата-аналар түрлі себепке балайды. Дәрігер не дейді екен? Тараз қалалық №2 емхананың жоғары санатты дәрігер-педиатры Шолпан Пралиева жауап береді. Тер деген не? Оның басты белгілері қандай? Жауап: Тер – ағзаның зат алмасу процесінің бірі десек қателеспеспіз. Кез-келген адам терлейді. Бала да…

Read More

Бала неге өтірік айтады?

Неге бала бізге өтірік айтады? Көбіне өзін бізден қорғап қалу үшін. Бірақ бала өтірік айту арқылы белгілі бір адамнан ғана қорғанып қалмайды (ата-анасынан, достарынан, т.б.), ол өмірдің өзінен де қорғанады. Өйткені «өтірік айту» деген тек алдау ғана емес, сонымен бірге, ойлап шығару, қиялдау деген сөз. Балалық шақ — алтын кезең, уайым-қайғысыз, бақытты шақ… Алайда, сәбидің ішкі…

Read More

Балалар дене жарақатының алдын-алу

Балалар бақшасында немесе аулада ойнап жүріп жарақаттанып қалу жағдайы жиі орын алады. Десек те, үй ішінде, ата-анасының көз алдында шапқылап жүрген бүлдіршіннің абайсызда сүрініп кетіп, дене жарақатын алуы ғажап емес. Ондай жағдай орын алмас үшін не істеу қажет? Тараз қалалық №2 емхананың жоғары дәрежелі педиатр-дәрігері Перуза Тәжібаева жауап береді. — Балалардың жарақат алу мүмкіндігі жас…

Read More

Балаңыз жаман сөз айтады ма?

Былапыт сөз адам тілімен қатар пайда болған жоқ. Жүре туындаған. Қазіргі кезде екі сөзінің басына жағымсыз сөзді қосып сөйлемейтіндердің қатары кем де кем. Ішкі эмоциясын сыртқа шығарудың бір формасы ретінде қабылдайды. Психологтар оны сыртқы қауіптен өзін қорғаудың әлсіз амалы ретінде қарастырады. Ал, балалар тіліндегі «артық» сөздер басқа мәселе. Соған тоқталайық. 2-5 жас аралығындағы бала былапыт сөз…

Read More

Бесік жыры

Бесік жырының бұл нұсқасы белгілі жазушы-этнограф Сейіт Кенжеахметұлының «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабында жарияланған. Көп жерлері бесік жырының басқа да нұсқаларындағы қатарларға сай келеді.

Read More