Қыз-келіншектерде көп кездесетін, мазаны қашыратын аурулардың бірі ол цистит.
Цистит- қуықтың қабыну ауруы. Циститпен еркектерге қарағанда əйелдер көп ауырады. Өйткені уретра кең əрі қысқа, сонымен қатар қынап пен артқы өтіске жақын болғандықтан инфекция түсу қауіпі жоғары. Сондықтан алғашқы жыныстық қатынастан соң көп жағдайда цистит дамиды.
Белгірері:
Кіші дəретке отырғандағы ауыру сезім
✓Кіші дəретке тез-тезден бару;
✓Іштің төменгі бөлігіндегі ауыру сезімі;
✓Кіші дəретке қатты барғысы келу (бармаса жіберіп коярдай сезім(ургентные позывы );
✓ Кейде гематурия (қан араласуы)
Цистит инфекциялық (бактериялық, вирустық) жəне инфекциялық емес болып болуы мүмкін. Жəне себебі белгісіз интерстициалды болады.
Циститпен ауырғандардың көпшілігі қайта ауырады, өйткені көпшілігі аурудын себебін анықтамай өздігінен дəрі іше салады. Циститтің 90%-ы бактериялық болып келеді. Сондықтан бактериялық түрінде антибиотик қолданылды. Бірақ басқа түрлеріне антибиотиктің пайдасы жоқ, сондықтан себебін анықап алу керек.
Қауіп-қатер факторлары:
— Жыныстық қатынас
— Анасы циститпен жиі ауырса
— Спермициттерді қолдану
— Бала кезінде ауырса
— Жаңа жыныс серік (половой партнер))))
— Гигиена сақтамау
— Қысып тұратын синтетикалық іш киім кию
— Қуықты катерлеу жəне басқа инвазивті əдістер.
Циститтің себебінанықтау үшін негізі жалпы зəр анализі (общий анализ мочи) зəр бак.посеві қажет, қажет болған жағдайда басқа тексеру түрлерінде қолданады.
Циститтің емі оның себебіне қарай тағайындалады . Циститті 80 % E.coli шақырады. Бактериялық түрлерін антибиотиктермен емдейді. Жəне аурыру сезімін басу үшін аналгетиктер қабылдауға болады. Циститпен қалай жиі ауырмауға болатынын, яғни алдын алу жолдарын келесі постқа жазамын.
Циститпен ауырмас үшін не істеу керек? — Əрине алдын алу қажет!
Сақтансаң сақтаймын дегендей, циститтің алдын алу шараларына тоқталсак
✔МЕДИКОМЕНТОЗДЫ ЕМЕС шаралар:
— Суықтауды болдырмау
— Өз жыныс серігіңіз болуы қажет (постоянный половой партнер)
— Көп сұйықтық ішіп, жиі кіші дəретке бару (1.5-2 л)
— Қуықта кіші дəретті көп ұстамау.
— Жыныстық қатынастан соң 2 сағатқа жетпей кіші дəретке бару. Посткоиталды (жыныстық қатынастан кейінгі) циститте жыныстық қатынастан соң бірден кіші дəретке бару.
— Гигиеналық шараларды сақтау (ол туралы пост бар)
✔ ИММУННОРОФИЛАКТИКА. Иммунитеттің түсіп кетуі де циститтің қайталануына əсер етеді. Иммуминеттің түсірмеу қажет. Иммунномодуляторлар қолдану керек.( генферон, виферон, уро-ваксом т.б.)
✔ Ішек жұмыстарын жақсарту қажет. Іш қату мен циститтің байланысы дəлелденген. Сондықтан іш қатуға жол бермеген дұрыс.
✔ Қынап микрофлорасының бұзылысы да циститтің дамуына əсер етеді. Сондықтан жеке гигиенаны сақтау қажет. Жуынатын сұйықтықтарды қрлданғанда ph нейтралды болу қажет. Əртүрлі ароматизаторлар қосылған ваннаға арналған құралдардыда қолданбаған жөн.