Жүктіліктің үшінші триместрі

Жүктіліктің 3-інші триместрі — жүктіліктің ең соңғы кезеңі (триместрі).

Жүктіліктің үшінші триместріЕкінші триместр мен үшінші триместр аралығындағы шекті әр маман әр түрлі орнатады. Үшінші триместрдің басталуын біреулері 24 аптадан бастаса, енді біреулері 26 аптадан, тіпті 28 аптадан бастап санайтындар да бар. Алайда үшінші триместр етіп соңғы 14 аптаны (соңғы үш ай) алған дұрыс болар.

Үшінші триместр алдыңғысына қарағанда қиындау кезең болады. Себебі, сіздің ішіңіз үлкен, ішкі ағзаларыңызды жоғары көтеріп, қызметіне кедергісін келтіреді. Оның үстіне жүкті әйел үшінші триместрде шаршайды: денесінің ауырлап кеткенінен, арқасы мен аяғының ауырғанынан, жақындап қалған босанудан, тіпті жүктілік мәңгілікке созылып кеткендей көрінеді.

Сіздің сәбиіңіз сіздің де әкесінің де дауысыңызды таниды, сол себепті сәбиіңізбен жиі сөйлесіңіз. Анасының ішінде жатып анасы мен әкесінің махаббаты мен мейірімін сезінген бала, болашақта мінезі жұмсақ, мейірімді әрі ашық болады деген пікір бар. Жалпы, соңғы триместрде болашақ аналар жылдам салмақ қосады, себебі іштегі баланың да өсуі жылдамдайды. Алайда, өзіңіздің шамадан тыс артық салмақ қосып алмауыңызға көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Сіздің артық салмағыңыз өзіңізге де пайда емес, балаңызға да зияны тиеді. Аптасына 200-500 грамм салмақ қосуыңыз керек. Орташа есеппен, әйелдер жалпы жүктілік мерзімі аралығында 11-13кг салмақ қосуы керек.

Жатырдың жылдам үлкеюіне байланысты, ол диафрагманы тығырықтайды (қыса бастайды). Ал, бұл сіздің тыныс алуыңызды қиындатады. Жиі және ентігіп дем алғаннан, ағзаға қажетті мөлшерде оттегі бармайды. Сол себепті жиі таза ауаға шығып демалыңыз. Бірақ аяғыңыздың күре тамырларының ұлғайып кеткенін немесе аяғыңыз ауыра бастаса, серуендеуді тоқтатыңыз, немесе жиі-жиі отырып демалыңыз. Бұл сіздің аяқ тамырларының кеңейіп кетіунен сақтайды.

Әдетте, аяқ тамырларының кеңейіп кетуі осы жүктілік кезінде жақсы күтінбегендіктен болады. Ұйықтағанда да жаныңызбен жатыңыз, шалқаңыздан жатқаннан, үлкен жатыр күре тамырларды басып қалады. Осылай аяқтағы тамырларға қан жиналып қалып, аяқ тамырларының кеңейіп кетуіне алып келеді. Сонымен қатар бас айналып, қысым төмендеп, талып қалуыңыз мүмкін.

Бұл кезеңде де қыжыл мазалауы мүмкін. Күніне 5-6 рет, аз-аздан тамақтаныңыз. Қыжылды басатын тағамдар: қаймақ, ірімшік, шала пісірілген жұмыртқа, буға пісірілген амлеттер, балық, құс еттері және кептірілген ақ нан.

Қол, аяқ және бетте ісінулер пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда ішіп жатқан суыныңдың мөлшеріне көңіл аудару керек. Тамақтың тұзын кемітіп, тұздалған, ашшы, ысталған тағамдардан бас тартқаныңыз дұрыс.

Тәулігіне ішілетін сұйықтық 2-2,5 литрден артық болмауы керек, сонымен қатар кіші дәреттік мөлшері күнделікті ішіп жүрген суыңыздың мөлшерінен жоғары болуы керек. Ісінулер пайда болғанда, дәрігермен кеңесіп, несеп айдағыш (итбүлдірген жапырағы, моржевельниктің жапырағы мен жемістері және т.б. ) шөп дәрілер ішуге болады.

Жетінші ай. 28-ші аптаның соңына қарай баланың туылу мерзімі әлі жетпегенімен, егер де мерзімінен бұрын туылатын жағдай болса, оны дұрыс күте білсе, ол өмір сүріп кетеді. Оның тері майлары болмағандықтан, әлі дене температурасын реттей алмайды. Өзі тыныстау үшін әлі өкпесі де толық дамымаған. Десе де, жаңа туған нәрестелер секілді көреді, естиді, дәм сәзу қабілеті жағынан тіпті ересек адамнан да сезімтал.

Жетінші айда баланың басы төмен қарап жатады, бұндай қалыпта, ол туылғанға дейін жатады. Қимылдары белсенді әрі нақты. Бойы шамамен 32 см-ге жетеді.

Сегізінші ай. Бала дүние есігін ашуға дайындалуда. Оның барлық сезім мүшелері дамуда, миы қарқынды өсуде. Ол ақырын дыбыс шығарады және тыңдай алады. Осы уақыттан баланың иммундық жүйесі қалыптаса бастайды. Бала анасынан иммуноглобиндер қабылдай басайды. Бұлар оны өмірінің бастапқы айларында қорғайды.

Шарана ақырындап өсіп салмақ қосып келеді. Беті тегістеліп, әжімдер жойыла бастайды. Бала жарық пен қараңғылықты айыра алады. 32-ші аптаның соңында туылған сәбилер де өмір сүріп кетеді. Дегенмен, оларға арнайы күтім керек. Сондықтан шала туылған сәбилерді перзентханалардағы арнайы аппараттарда күтіп-баптайды.

Дүние есігін ашқалы жатқан сәбидің бойы: 45 см, салмағы: шамамен 2200 гр.

Тоғызыншы ай. Нәресте әлі де өсуде. Оның терісі тегіс, күлгін түсті, терідегі ұлпалары кете бастайды. Жүйке жүйесінде өзгерістер болып жатыр, жүйкелерінің айналасында қорғаушы қабат түзілуде. Өкпесінде сурфактант – майлы зат пайда болуда, яғни сәби өз бетінше тыныс ала алады. Сөйтіп құрсақтағы шарана нағыз жауапты сәтке дайындықты бастап та кетеді.

Оның басы біртіндеп туыт жолдарына қарай төмендейді. Бұл – нәресте өмірге келуге дайын деген сөз. Оның бойы 50см, салмағы 2400-3000 гр шамасында.

Үшінші триместрде болашақ анаға не қажет?
Бұл кезеңде аналар қауымы да баласын жарық дүниеге алып келуге барынша дайындалуы керек. Денсаулығына қатысты соңғы сараптамалардан өтіп, дәрігерлермен кеңесіп, табиғи босану жолы ма, әлде Кесар тілігі әдісіне жүгіну қажет пе, осы жағын анықтау қажет. Сәбидің жатырда орналасуы да бұл ретте өте маңызды. Егер сәби басын төмен салып жатса, бәрі дұрыс. Ал көлденең немесе басы жоғары қарап жатса, онда бұл жағдайдың да босану әдісін таңдауға ықпалы жоғары.

Жүктіліктің соңғы айларында:

  • Дәрігерлермен кеңесіп, арнайы жаттығулар жасау қажет.
  • Туыт (босану кезі) жеңіл болу үшін, мейіз, қараөрік секілді жемістерді жеген дұрыс.
  • Бала сүйегі дұрыс қалыптасуы үшін, кальций мен D дәрумені көп мөлшерде қажет. Алайда шамадан тыс көп болуы, шарана үшін зиянды. Табиғи өнімдерді көбірек пайдаланып, дәрумендерді мөлшерінен асырмаңыз.
  • Теңіз қырыққабатының құрамында болатын йод, болашақ сәбидің интеллекті үшін тапьырмас көмекші.
  • Салмақ қосуға ықпал ететін тамақтар бөбегіңіздің де денсаулығына әсер етеді. Сондықтан дәрігермен кеңесіп, бұл тағамдардан бас тарту керек.

Ұқсас мақалалар

Жүктілік және оның кезеңдері (жүктіктің үш триместрі)

Жүктіліктің бірінші триместрі

Жүктіліктің екінші триместрі

Жүктілік физиологиясы

Жүктілік күнтізбесі (қысқаша)

One thought on “Жүктіліктің үшінші триместрі

  1. Кайырлы күн мен 28 аптада босанып, балам шетінеп кетті. Маган «стремительный роды» деп айтты. Алла жазса 2 рет жүкті болған жағдайда бұл оқиға қайталануы мүмкінбе?

Comments are closed.