1. Дәрігерге барып тексеріліңіз: жүктілік жағдайы қалай болып жатыр? Денсаулығыңызда барлығы дұрыс па? Гемоглобин төмен емес пе? Осының барлығын анықтаңыз.
⠀
2. Денсаулыққа зиянды тағамдарды қолдануды азайтыңыз: газдалған сусын, фаст-фудтар, спиртті ішімдіктер, т.б. Жүктіліктің алғашқы айында баланың маңызды дене мүшелері пайда бола бастайды. Барлық зиянды тағамдар баланың жетілуіне кері әсерін береді.
⠀
3. Барынша сабыр сақтап, ашуланбай, жақсы көңіл-күйде болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын: сіздің өткеріп жатқан барлық эмоцияңыз құрсақтағы балаға тікелей әсер етеді.
⠀
4. Көптеп Құран тыңдаңыз: баланың алғыр, зерек, иманды, көркем мінезді болып өсуіне септігін тигізеді. Ешкімді ғайбаттамаңыз, жағымсыз әңгімелерді айтып, жүйкеңізді жұқартпаңыз.
⠀
5. Таза ауада көп серуендеуге тырысыңыз: өзіңізге де, балаға да пайдалы. Токсикоздың жеңіл өтуіне көмектеседі
⠀
6. Ұйқыңызды қандырып, толық 8 сағат ұйықтаңыз. Ішкі ағзалардың дұрыс қызмет атқарып, иммунитетіңіздің әлсіремеуіне пайдасын тигізеді
⠀
7. Көптеп қимыл-қозғалыс жасауға тырысыңыз: жеңіл жаттығулар жасаңыз. Қимылыңыз көп болса, босану да оңай болады
⠀
8. Жүктіліктің барлық кезеңінде Кегель жаттығуы мен оваральды тынысалу жаттығуын жасауды ұмытпаңыз. Босанғанда оңай, әрі тез, қиындықсыз босанасыз
⠀
9. Компьютер мен телефонды аз қолданыңыз. Олардан бөлінген зиянды заттар баланың денсаулығына кері әсерін беруі мүмкін
⠀
10. Жүктіліктің соңғы айларында шоколад, цитрусты жемістер мен экзотикалық жемістерді аз қолдануға тырысыңыз. Сонда балада аллергия туындамайды.
⠀
Ең бастысы өзіңізге сеніңіз, интуицияңызды тыңдаңыз!
⠀