Баланы горшокқа отыруға үйрету үшін не істеу керек?

Горшокта отырған бала, горшоктың суреті, горшок қазақша, баланы гаршокқа үйретуГоршокқа отыруды үйретуді біртіндеп бастаған жөн. Үйренуге баланың дайын болғаны өте маңызды. Яғни ересектерге еліктеуге ынтызарлығы оянуы керек.

Горшокты қалай таңдау керек? Үйретуді неден бастаған дұрыс?

Әрине, горшокты сатып алудан бастаңыз. Оған үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Сіздің дұрыс таңдау жасауыңыздан баланың бұл затты болашақта қолдану-қолданбау тілегі оянады.

Ең негізгісі, әдемілік емес, оның ыңғайлылығы. Ол баланың отыруына ыңғайлы болуы керек. Қауіпсіздік ережелеріне және баланың денесінің көлеміне сәйкес келетін ең жақсы құрылым – шалқайма орындық (кресло) тәріздес горшок. Оның арқалығы мен шынтақ қоятын жерлері бар, сондықтан сәби үлкендердің қарауынсыз отырғанда құлап қалмайды. Креслоның ішіндегі ыдысы оңай алынады, сол себепті сізге жууға да жеңіл. Мұндай горшоктың тек бір ғана кемшілігі бар – оны дүкеннен табу оңай емес.

Кресло тәріздес горшок, горшок, балалар тостағы Аң бейнесіндегі горшок, горшоктың түрлеріУнитазға кигізілетін отырғыш, Унитазға кигізілетін горшок, унитазға арналған горшок

Дұрыс емес үлгісі — аң бейнесіндегі немесе басқа бейнедегі горшок. Өзіңіз ойланып қараңызшы, үлкен, мейірімді көздерімен сізге қарап тұрған біреудің басына отырып дәрет сындыру ыңғайсыз емес пе? Оған қоса, мұндай қиялдан жасап шығарылған горшоктар өте төмен, сол себепті бала оған жүрелеп отырғандықтан, оған ыңғайсыздық туғызуы мүмкін.

Ал горшоктардың кейбірінде унитазға кигізілетін отырғыш қолданылады. Бұл баланы дәретке отырғызуға үйретуге мүлдем ыңғайсыз. Біріншіден, унитазға отыру мүмкін емес, оған бала өзі өрмелеп шығуына тура келеді. Екіншіден, еденге аяғы тимей отыру балаға ыңғайсыз және қорқынышты. Үшіншіден, дәретхана – балаға әлі таныс емес орын, шошып қалуы мүмкін.

Горшокты қолдануды үйренеміз. Сонымен, сіз горшок қолданғыңыз келеді. Енді үйрету әдісін бастаймыз.

  • Таныстыру. Ең негізгісі – балаға горшокты дұрыс «таныстыру». Ол алдымен оның не екенін, не үшін қолданылатынын түсініп алуы қажет. Балаңызға горшокпен өздігінен танысуына мүмкіндік беріңіз: өзі қарап шықсын, қолымен ұстап көрсін, орындыққа отырғандай отырсын.
  • Бөлмеде горшок қоятын қолайлы орын таңдаңыз. Бала кез келген уақытта оны өзі алып, қолдана алатындай. Есіңізде болсын, үлкендер отыратын дәретханада горшок тұрмауы тиіс!
  • Алдымен баланы горшокқа шалбарын шешпей-ақ күніне бір рет жай ғана отырғызудан бастаңыз және өзі қалаған кезде ғана тұруына рұқсат беріңіз.
  • Бала киімімен горшокқа отыруды үйренген кезде оған шалбарын шешіп отыруды үйретіңіз.

Ескерту! Егер бала горшокқа отырғызуды үйреткен кезде қарсылық танытып жатса, бұл сабақты бірнеше уақытқа тоқтата тұрғаныңыз жөн. Егер сіз оның қарсылығына қарамай күш қолданатын болсаңыз, оның ынтызары мүлдем тумауы мүмкін.

  • Балаға горшоктың не үшін қажет екенін көрсетіңіз: бала үлкен дәретке отырғанда жаялықты (подгузник) горшоктың ішіне қалай лақтырып жатқаныңызды көрсін. Және ондай нәрселердің орны сол жер екенін түсіндіріп беріңіз.

Ата-аналарға кеңес

Шыдамды болыңыз

  • Балаңыздың еліктеушілігін құптаңыз. Өзіңіз дәретханаға барғанда, балаңызды жаныңызға горшокқа отырғызыңыз.
  • Балаңызды бақылаңыз. Әдетте, бала үлкен дәретке отырғысы келсе мимикасымен, түрлі дыбыстармен, тұрған тұрысымен білдіртеді. Бұл белгілерді байқасаңыз, дәретханаға барғысы келетінін-келмейтінін сұраңыз да, ақырын ғана горшокты ұсыныңыз.
  • Әр сағат сайын баладан «Горшокқа отырғың келе ме?» немесе «Горшокқа отырасың ба?» деп сұрап тұрыңыз.
  • Үйде бір рет қолданылатын жаялықтарды (подгузник) пайдаланбаңыз. Бала мұндайды күні бойы киіп жүрсе, дәретке отырған-отырмағанын аңғармауы мүмкін. Тек сыртқа шығарда ғана қолдануға тырысыңыз.
  • Балаға кең шалбар кигізіңіз және оны өзі шешіп-киюіне үйретіңіз.
  • Міндетті түрде балаңызға дәретке отырған соң қуанғаныңызды көрсетіңіз. Өзі горшокқа отыруды сұранғанда мақтап қойыңыз.

Ерекше назар аударатын жағдайлар:

  • Балаңыздың денсаулығын қадағалаңыз: ол үлкен және кіші дәретке отырғанда ауырсынбауы керек.
  • Горшоктың тазалығын үнемі қадағалаңыз. Міндетті түрде тазалап жуыңыз.
  • Балабақшаға берерде балаңыз горшокқа отырып үйренбесе, ол туралы тәрбиешіге міндетті түрде ескертіңіз.

Балаға горшокқа отыруды үйретерде:

  • Оны асықтырмаңыз. Бұл әдетті оның бойында қалыптастыру үшін бірнеше уақыт кетеді.
  • Ешбір жағдайда балаға ұрыспаңыз және ол ұялатындай сөздер айтпаңыз. Бұл баланы шыдамдылыққа үйретуі мүмкін, бірақ денсаулығына зияны тиеді, іші қатуы мүмкін. Ал ең жаманы, сіз балаңызды өзіңізден алыстатып, оның бойында өзіңізге деген сенімсіздікті оятасыз.
  • Тәртіпке саламын деп, баланы ылғал, кір киіммен жүруге мәжбүрлемеңіз. Ол сізден қорқа бастайды.
  • Горшокта көп уақыт отырғызып қоймаңыз, бәрібір ешқандай нәтиже бермейді. «Болдың ба? Тұрасың ба» деп сұраңыз.

фотолар: first-service.runikaplastik.ru, mama.ru

Яндекс.Метрика