ҚҰРАМЫ:
Қамырына:
Су (жылы) — 1 стақан
Сүт (жылы) — 0,75 стақан
Сұйық май — 0,25 стақан
Шекер — 1 асқасық
Тұз — 1 шай қасық
Таза ашытқы(свежие дрожжи) — 1 асқасық
Ұн — 4 стақан + 2 асқасық
Үстіне:
Шекер — 1 асқасық
Су — 1 стақан
Кунжут — 1,5 стақан
1. Ыдысымызға су + сүт + сұйық май + ашытқы + тұз + шекер + 4 стақан ұн салып, қамыр илейміз. Қамыр қолға жабысып тұрса, тағы да 2 — 3 асқасық ұн салып, жинап аламыз да, бетін жауып, көтерілгенше күтеміз.
2. Қамыр көтерілгенше, отқа құрғақ табамызды қойып, қызғаннан кейін кунжуттарымызды салып, қызарғанша үнемі араластырып отырып, қуырып аламыз.
3. Көтерілген қамырды тақтайдың үстіне алып, пішінін келтіріп, теңдей 2 бөлікке бөлеміз. 1 бөлігін тағы 2-ге бөлеміз де, ол 2 бөліктің әрқайсысын 5-ке бөлеміз. Сонда осы өлшемнен барлығы 10 симит шығады. Бөлінген бөліктердің әрқайсысын қолымызбен созып, екеуін қосып, шеттерін біріктіріп, екі жаққа қарай ораймыз да, домалақ пішін болуы үшін, екі шетін жабыстырамыз.
4. 1 асқасық шекерге 1 стақан жылы су құйып, араластырамыз да, оралған симидімізді сол қантты суға батырып алып, қуырылған кунжутқа барлық жеріне кунжут жабысқанша аунатып аламыз да, табамызға тізіп, 30 минуттай көтерілгенше күтеміз. *НЕГІЗІ ТҮРКИЯДА ПЕКМЕЗ ДЕГЕН ЖҮЗІМНЕН ЖАСАЛЫНҒАН СҰЙЫҚТЫҚҚА БАТЫРЫП АЛАДЫ, СОЛ СИМИТКЕ ЕРЕКШЕ ДӘМ БЕРЕДІ.