«Сәттілік» бәліші

Керекті тағамдар:

5 жұмыртқа

2 стакан сүт

1 стакан қаймақ

2,3 стакан ұн

200 стакан ұн

200 гр маргарин

Қант ұңтағы (қалауыңызша)

1 шәй қасық ванилин

1 шәй қасық қамыр қопсытқыш

 

Әзірленуі:

Ең алдымен, кез-келген шұңғыл ыдысқа маргаринді салып ерітеміз. Еріген маргаринге, 5 жұмыртқаны жарамыз. Үстіне қантты салып бәрін араластырамыз. Сосын ұнды, қаймақты, қамыр қопсытқыш пен ванилинді қосамыз. Барлық қоспалары салынып біткен соң, арнайы құрал арқылы (миксермен) араластырамыз. Араластыру барысынды, майда түйіршіктер қалып кетпегендігін қадағалағаныңыз жөн. Табаны майлап алып, қоспаны саламыз. 35-40 минутқа, 200 градусқа қойып пісіріп аламыз. Піскен соң үстіне ыстық күйінде қант ұнтағын себеміз. Бәлішіміз дайын. Асыңыз дәмді болсын!

Ескерту: Бәліш пісу кезіндегі алғашқы  20 минутта пешті ашуға болмайды.

Яндекс.Метрика