Тауық орамасы

Құрамы:

Лаваш
1 пияз
1 қызанақ

1 қызыл болгар бұрышы
тауық еті, ірімшік
бұрыш, тұз
ақжелкен

Дайындау жолы:

Тауықты төрт бұрышты етіп тураймыз. Пияз бен болгар бұрышын жақсылап жуып, ұзын етіп тураймыз. Енді болгар бұрышын 4 ас қасық майға қуырамыз. 2 минуттан кейін пиязды салыңыз да, 6-7 минутқа отқа қойыңыз. Туралған тауық етін, қызанақты, ақжелкенді салып, тұз, бұрыш қосасыз. Менің таңдағаным жас балапанның еті болғандықтан 10 минутта пісіп қойды, ал сіз тауық еті піскенше отты жәй басып қойыңыз.  Енді соңғы қалғаны ірімшік қана. Ірімшікті де ұзын етіп тураңыз. Піскен тауық қоспасына ірімшікті салыңыз да, жақсылап араластырып, 1 минуттан кейін отты өшіріп, аз ғана уақытқа бұқтырып қойыңыз. Дайын болған тауық тағамын лавашқа салыңыз да, жақсылап ораңыз. Арнайы ыдысқа салып, 7-8 минутқа пешке салып қойыңыз. Орама тойымды болу үшін тұздық жасауды ұсынамын. Мұны жасау да, жасамау да өз еркіңізде. Ол үшін пияз, қызанақ, ақжелкен ғана керек. Ащы болуын қаласаңыз, қара бұрышты көп мөлшерде салыңыз. Ораманы пештен шығарып, оның жанына тұздық салыңыз.
Міне, орама дайын!
Асыңыз дәмді болсын!


 

Яндекс.Метрика