Жасөспірім кезеңдегі қалыпты мінез-құлық

 

Баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жасөспірімдік шағы(12-17жас) ең қиын кез болып есептеледі. Бала тәртібі нашарлап, тұйықталып, сабаққа үлгерімі төмендейді. Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады. Жасөспірімнің мінезіндегі мұндай қылықтардың негізі осы жастағы соматикалық және психикалық дамуында жатыр.

Көпшілік ата-ана үшін баласының жасөспірім шақтан, ересек шаққа өту процессі оңайға түспейді.
Барлық ата-ана дерлік осы дауылдан жүйкесін тоздырмай өтеді деп айту қателік болар.

Бала өзін дұрыс ұстамайды, іс-әрекеті мен мінезі жайсыз(ата-ана көзінде), ата-ананың есі шығып не істерін білмей дал болады, ашуланады. Кейбір ата -ана тәрбиеде қай жерде қателік жібердім деп өзін кінәлі сезінуі мүмкін. .
✔Бала ата-анаға қарсы сөз қайтару, тыңдамау;
✔Жасөспірім ата-ананы төмен санап оның еңбегі мен дәрежесін лайықты бағаламау;
✔ Ата-ананың айтқан ақыл-кеңесіне күмәндану;
✔Жөнсіз қылжақ;
✔Әр кез мүмкіндігінше ата-ананың айтқанындай жасамау;
Әр тарап (бала мен ата-ана) өзінікін дұрыс санау сияқты жағдайлар болады.
Жасөспірім баланың мұндай әрекеттерінің ҚАЛЫПТЫ екенін ата-ананың ескергені абзал. Бұл көп уайымдардан босатады.

Сонымен қатар, егер бала бөтен ересек адаммен теңескісі келсе(мысалы, мұғалім немесе тренер) немесе өзіне сенімді адам ретінде жақын тартуы. Мысалы, өзіне қатысты маңызды іс-шараларға(мектеп бітіру кеші немесе марапаттау, айтулы жиын т.б) ата-анасын емес бөтен адамды шақыруы. Бөтен адаммен сырласуы т.б