Өтпелі кезең ерекшеліктері

 

Жасөспірім баланың ата-аналары бала бойында пайда болған жалқаулық(еріншектік) туралы көп шағым айтады.
«Ол үй шаруасын көмектеспейді, үй тапсырмасын жасағысы келсе жасайды, жасағысы келмесе жасамайды, тыңдамайды, қылжақтайды, естісе де естімегендей отыра береді, күні бойы телефоннан бас алмайды….» Бұл тізім жалғаса береді.

Өтпелі кезеңде Жалқаулық- ҚАЛЫПТЫ.
Біз ересектер көз алдымызда тұрған аяқ-қолы өскен, бойы мен дене бітімі өзімізбен бірдей адамды ғана көреміз. Осы көз алдымыздағы ЖАСӨСПІРІМДІ өзімізбен теңестіреміз. Өзіміз жасайтын іс-әрекетті баланыңда жасауы қажет деп күтеміз.

Бұл- ҚАТЕЛІК. Себебі, баланың аяқ-қолы өскенмен, миы әлі пісіп жетілген жоқ.

Әрине, мен осыған дейін жазған жазбаларымда баламен ересек адаммен сөйлескендей сөйлесу керек, дегенді бірнеше рет жазған болатынмын. Бірақ, бұл-баладан ересек адамның іс-әрекетін күтіңіз деген сөз емес.

Жалқаулық- бұл мидың бір бөлігінің әлі пісіп жетілмегенінің белгісі. Мидың бұл бөлігі дамып жетілгенше, баланың жасы 20 жасқа жақындайды.
.
Бірақ, егер бала мүлдем ештеңе жасағысы келмесе, әрқашан «Шаршап тұрмын», Істегім келмейді» т.с.с сөздерді айтатын болса, бос уақытын тек ұйқымен өткізсе, ол бір нәрсе жасау үшін сіз оған әрқашан ескертіп, үнемі тек дауыс көтегенде ғана қимылдайтын болса, онда баланы бір рет дәрігер мамандарға тексертіп алғаныңыз абзал. Терапевттен бастап психиятрға дейін.
.
Жасөспірім үй шаруасы мен сабаққа ғана салғырттық танытпай, өзінің өсіп кеткен шашы мен киімінен шыққан жағымсыз иіске де көңіл аудармайды.ЕҚалай болса солай жүрісіне қымсыну сезімі де болмайды. .
Оның себебі жоғарыда айтып кеткен жалқаулықпен байланысты. Бірақ, сізге байбалам салуға әлі ерте, себебі мұндай ретсіздік балада алғашқы балалық махаббат сезімдері пайда болғанда өздігінен жойылады.

Бірақ,ескертетін жайт, егер бала өзіне мүлде қарамай кетсе, мысалы, күнделікті тісін жумау, іш киімдерін айлап ауыстырмау, жуынбау, бір киімін бірнеше апта тіпті бірнеше ай ауыстырмай жүру, үстінен шыққан жағымсыз иіс айналасындағылардың жиіркенішін туғызатындай деңгейге жетсе, онда жасөспірімді психиятрға апарған жөн. .
Осыншалықты дәрежедегі салақтық, ретсіздік.

Яндекс.Метрика