Бала психикасы туралы

 

Психиканың тұрақсыздығы мен өзін мүлде қабылдамаудың байқалатын кезеңі(12-17 жас) бұл- жасөспірім шақ болып табылады.

Негізі тек 30 жасқа жақындағанда психика тұрақталады.
Мұндай психиканың тұрақсыздығынан шизофрения, булимия, анорексия т.с.с аурулар дәл осы жасөспірім шақта басталады?

Ескерте кететін жайт, психика тұрақсыздығы мен жүйке бұзылысын, тұрақсыздығын шатастырып алмаңыз. Жүйке бұзылысынан невроз(энурез, кекештену, әртүрлі тиктер, көз жыпылықтату, иықтарды қозғалту т.б. ) болуы мүмкін.

Мынаған көңіл аударғаныңыз маңызды: (Әсіресе жасөспірім шақта)

✔ Әрдайым балаңыздың жағында болу (Қарсыласы болмау)
✔ Тыңдай білу. Жасөспірім баланың айтып жатқан сөзін бөлмей, аяғына дейін тыңдау. Бала менің сөзімді ата-анам аяғына дейін тыңдамайды, менің ойым оларға маңызды емес деген ойда болмауы үшін, ол сөйлеп жатқанда сөзін бөліп «Міне, айттым ғой, айтқанды тыңдамайсың! «, «Көрдің бе, мен не деп едім? «, «Айтқан ақылды тыңдамайсың! » деген сияқты тәрбие беру ойыңызды қоя тұрыңыз. Айтқысы келген сөздерін аяғына дейін айтып, аяқтауға мүмкіндік беріп, тыңдай біліңіз.

✔ Бала ештеңені айтқысы келмесе, ҮНДЕМЕУДІ үйреніңіз.

✔ Қажет болған жағдайда бас тарта біліңіз. Мұны нақты әрі сыпайы түрде жасай біліңіз. «Жоқ» деп айта білу.

✔ Өзінің «жеке» өмірі басталғанда сенім артыңыз және аздап еркіндік беріңіз.(хат жазысу, достарымен араласу т.б өте жиі, әрі шектен тыс бақылау жасамаған жөн)

✔ Жағдайды шиеленіске жеткізбей баламен КЕЛІСЕ біліңіз . «Егер үй шаруасына көмектеспесең, күнделікті шығыныңа ақша бермеймін» деген сияқты шарт қоюдан аулақ болыңыз. Баламен келістіңіз бе?, уәде бердіңіз бе сол келісіміңіз бен уәдеңізді бұзбаңыз.
✔ Бала сізге өтірік айтпайтындай жағдай жасаңыз ( өтірік айтуының ҮШ СЕБЕБІ бар: қорыққанынан, өзіне пайда үшін(выгода) немесе психопотология. Қорыққанынан және өз пайдасы үшін айтатын өтірікпен жұмыс жасауыңызға болады, ал психопотологияны емдеу қажет.)