Бала өзін қай кезде жалғыз сезінеді?

 

✅Балаңызға тек бір іс жасағанында ғана көңіл бөліп, жылулық танытып, жақсы көретін болсаңыз баланы жалғыздықта қалдырғаныңыз. .
✅Яғни, жақсы оқығаны үшін, қонақта тыныш отырғаны үшін, бөлмесін жинағанда, сіздің сұрағаныңызды екі етпей орындағанында, мұғалім мақтағанда, жарыста жеңгенде ерекше көңіл бөліп, қуанып. Ал, жеңілгенінде, сабақтан екі алғанда, бөлмесін шашқанда, көңіл күйі болмағанда, сөзіңізге құлақ аспағанда мән-жайды түсінуге тырыспастан жекіп тастасаңыз балаға мықты мотивация(Керісінше) беріп жатырсыз деген сөз. Ол – аналық/әкелік махаббат керек болса «еңбек ет» деген мағынаны беретін мотивация. .
✅Иә, балаңыз сіздің көңіліңізді табу үшін шаршамай еңбек етуі мүмкін. Бірақ, бұл тек сіздің көңіліңізбен шектелмейді. .
✅Байғұс бала кімнің көңілін болса да тек еңбекпен алуым керек екен деп түсінеді. Сосын мұғаліміне жағу үшін оның айтқанымен шабады, достарына жағу үшін тағы мың құбылады. Одан да қиыны үй болып, отбасын құрғанда жолдасының көзіне түсіп, махаббатын сезу үшін қолынан келмейтінді келтіруге тырысады. .
✅Ал, шынайы махаббат адамның жасаған ісі үшін емес, өзі үшін, адам болғаны үшін беріледі. .
✅Бар болғаны үшін, адам болғаны үшін, жақсы көрілудің дәмін сезбей өскен бала бұның қадірін дұрыс түсінбейді. Себебі, оның ішінде қайтымсыз махаббат деген түсінік жоқ. ‘Қарыз болып қалармын’ деген оймен ондайдан аулақ жүруге тырысады. Өзін-өзі жалғыздыққа итермелейді.
✅ Бала өзіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбегенде, өзін жалғыз сезінеді. Мұның соңы баланың күйзелісе ұшырауына алып келуі мүмкін.

Яндекс.Метрика