Бала өміріндегі ананың рөлі.

 

 

Баланың тұлға болып қалыптасуы, жалпы болашақ өмірінің қандай болатындығы көп жағдайда тікелей АНАға байланысты.

Тарихқа көз жүгіртсек, әлемге аты шыққан танымал тұлғалардың, атағының асқақтауына, жетістікке жетуіне жалпы тұлға болып қалыптасуына зор еңбек сіңірген ол-АНАЛАРЫ.

Мысалы, әлемде алтын әріппен аты қалған, ғалым Эйнштейн өмірін алып қарасақ, 4 жасына дейін тілі шықпаған, аутизммен ауырған баласының болашағына бәрі күмәнмен қарап, балта шапқанда, тек анасы ғана баласынан күдерін үзбей, зор үміт күтіп, сене білген.
Тағы бір мысал,
Атақты Томас Эдисон анасына мектеп мұғалімінен хат әкеп беріпті. Анасы көзіне жас алып дауыстап оқып бергенде былай депті: «Сіздің балаңыз – гений. Біздің мектебіміз кішкентай ғана, сіздің ұлыңыз секілді кемеңгерді оқытуға біздің шамамыз жетіңкіремейді. Оны үйде өзіңіз оқытыңыз»
Кейін Томас Эдисон атақты ғалым болған шақта сол хатты тауып алған, онда былай жазылған екен: «Сіздің балаңыздың ақылы кеміс, оны дені сау балалармен оқыта алмаймыз. Үйге алып оқытыңыз»

‌Мұны оқыған Томас Эдисон жылап отырып, күнделігіне: Мен жасымда кеміс болғанмын. Тек анамның қайсарлығының арқасында мен танымал гений-ғалым бола алдым – деп жазып қойған екен.
Бала тәрбиелеуде басты ұстанымдарыңыздың бірі-балаңыздың шексіз талантына сену болып табылады. Балаға үнемі жігерлендіретін, рух беретін сөздер айтып отыру керек. «Сенің қолыңнан келеді!», «МЕН САҒАН СЕНЕМІН!», «СЕН АҚЫЛДЫСЫҢ, ДАРЫНДЫСЫҢ, ТАЛАНТТЫСЫҢ! » Сонда ол шынымен де, шындыққа айналады. Балаңызға мұндай сөздерді айтып қана қоймай, үміт артып, сол сөзге өзіңіз сене біліңіз. Себебі, бала өмірінің сәтті болуы ата-ананың түпкі санасындағы бала туралы құрған жоспарына байланысты. Менің балам ержеткенде біреудің алды, біреудің арты болып орташа өмір сүреді деп ойласаңыз, түпкі санаңызда осындай жоспар құрып қойған болсаңыз. Балаңыз дәл сондай өмір сүретін болады.

Яндекс.Метрика