Ананың сүтінің бала үшін ең маңызды және ең пайдалы екенін әр ана жақсы біледі. Бірақ ана қаншама қаласа да, емшектен шығару кезі келеді. Ол ананың денсаулығына байланысты болуы мүмкін, немесе жұмысқа шығу кезіне байланасты болуы мүмкін, не болса да, ол — психология және физиология жағынан өте қиын қадам.
Қазір мамандардың көбісі баланы 6 айға дейін міндетті түрде емізу керек, бір жасқа толғанша ананың мүмкіншілігіне қарап емізу керек деп айтады. Басқалар инволюцияға (сүтінің өзімен-өзі таусылуы) дейін емізетіндері де бар. Ол шешімдерді ананың өзі өз денсаулық және әлеуметтік жағдайына қарап қабылдау керек.
Сонымен, баланы жайлап және қинамай емшектен шығару үшін не істеу керек?
- Бірнеше ай бұрын күндізгі емізуді ақырын жоққа шығарыңыз. Мысалы, баланың мазасы кетсе, бала шөлдесе, шаршаса, емшек беруінің орнына шырынды беріңіз, басқа ойынмен ойнатыңыз, немесе мультфильм көрсетіңіз.
- Жаймен түнгі емізуді де басқа тамақпен ауыстырыңыз, мысалы бөтелкеден су, немесе айран беріңіз. Егер бала ішкісі келмесе, уқалаңыз, жұбататын ән айтып беріңіз.
- 1-2 ай бұрын баланы әкесі немесе әжесі ұйықтатуға дайын болсын. Ең бастысы бала емшексіз ұйықтауға үйренсін. Егер анасы жалғыз болса, онда емшекті не болса да шыдап, бермеу керек!
- Өзіңізге мұқият қараңыз, егер емшектеріңізде сүт жиналмаса, ауырмаса, ыңғайсыздық пайда болмаса, ол сіздің емшектен шығару кезеңізді дұрыс таңдадыңыз дегенді білдіреді. Ал егер ыңғайсыздық пайда болса, емшек қатты толып кететін болса, онда 1 минутқа балаға емізіңіз, одан көп емес! Емшек кішкене босатылады да, жаңа сүтінің пайда болуы процесі басталуға үлгермейді. 1 минуттан кейін көп ұзамай ақырындап емшегіңізді шығарыңыз.
- Емшектеріңізді қатты байлауға қажеті жоқ, өйткені емшек – тек сүт жинағыш ретінде қолданылатын резервуар, ал сүттің пайда болуы – гормоналдық деңгейде өтетін процесс. Сонымен қатар, қатты байлауымен нәзік сүт бездерінің жарақаттануы әбден ықтимал.
- Балаға емшектеріңізді көрсетпей, кеудені толық жабатын киімді киюге тырысыңыз. Емізу кезенінде бала ананың иісіне қатты үйренеді, сондықтан тазалықты сақтаңыз.
- «Тастап кеттім» немесе «балам ананың сүйіспеншілікті сезбейді» деген сезімдеріңізді жоққа шығарыңыз. Сіз бұрынғыдай баламен біргесіз, сонымен қатар, балаға ананың жылуы, құшағы жеткілікті.
- Осылай аптадан аптаға сүтіңіз азаяды, бала емізусіз өмір сүруге үйренеді.
Егер тез арада емшектен шығару керек болса, онда әжелердің көмегін сұрауға тура келеді. Анасы 2-3 түнге баланы ата-әжесімен немесе әкесімен қалдыру керек, уақыт өткен соң баламен кездескенде емшекті бермей шыдау керек. Ол кезде сәбиіңізді алдастырып ойнату немесе далада қыдырту, яғни емізуді еске салмау керек.
Сүтіңізді азайтатын дәрумендер туралы дәрігермен ақылдасыңыз. Халықтың даналығына сенсеңіз, онда жалбыз (шалфей) шөбінің тұндырмасын немесе магнезияны ішіп көріңіз. Күндізгі сұйықтықтың мөлшері 800 мл-ден аспау керек. Емшектеріңіз қатты толып кетсе, онда жайлап 10-20 мл –ден асырмай сүзіп алыңыз. Бір сағаттан кейін қайталаңыз.
Ең бастысы: емшектеріңізді уқаламаңыз және жылытпаңыз! Емшектен шығарғаннан кейін уқалау және сүт бездерінің стимуляциясы постлактациялық маститті тудырудың себебі болу мүмкін.
Балаңызды емшектен шығаруы сіз және кішкентайыңыз үшін жеңіл өтсін! Сәттілік тілейміз!
Сурет: Интернет сайттардың бірінен алынды
Ұқсас мақалалар
Сәбиді емізу барысында кездесетін қиындықтар
Емшектен сүт емудің жақ сүйекке пайдасы
Ана сүтінің пайдасы мен ерекшеліктері
Ана сүтінің мөлшері мен сапасы емшектің өлшеміне тәуелді емес
Салеметсіз бе менің балам 1.8 жаста. Баламды емшектен шығарып жатырмын 3 күн болды . Көкірегім қатты болып кетті. Ауырып жатыр не істесем болады.
Салеметсіздерме мен тусік тастағаныма екі ай болды. Бірак көкірегім дегі сут кетпей жатыр. Бала 4 ай болған уезде тусті
Менде 10айлык баламды емшектен шыгарып жатырмын жукти екенмин 2айдай боп капты 1ши куни киналдым шыгармаска амалым болмады иши отип мен тиси шыгып жатыр екен десем анда санда ози де жеркенип журген емгиси келмей соган Караганда дами озгеред дид
Байканыздар негизи емизбейд дид аулак кылсын олтирип те тастайды дид айтпесе менде конилин кимай жур едим содан реки кун болды байлап камфорное жагып журм биреу тан биреу танба биреу САУ биреу Саума дид басым катып кетти
Мен баламды емшектен шыгарганыма бугин 7 кун болды шукир балам жаксы шыгып кетти 1 2 кун гана емшекти издеди озим киналып жатырмын сутим кетер емес не истесем болады конфор масласын жагып массаж жасап сауып тастадым ондай болама айтыныздаршы отиниш сутти калай кетируге болады