Бала тәрбиесі – ХХІ ғасырдың ең маңызды мәселелерінің бірі. Ал баланы тәрбиелеу ол туылған сәттен емес, құрсаққа біткен тұстан басталады
⠀
Аяғы ауыр аруларға құрсақтағы бала тәрбиесінде пайдалы кеңестермен бөліссек дейміз
⠀
Аллаға шүкіршілік айту
⠀
Аяғы ауыр әйел Аллаға көп шүкіршілік айтуы керек. Өйткені, ана болу бақыты кез келген адамға бұйыра бермейді.
⠀
Баласы үшін дұға ету
⠀
Әйел адам бойына бала бітіп, Алла Тағаланың оны ерекше жақсылықпен қуантқан сәтін білгенде дұға жасауы – сүннет.
⠀
Сабырлық танытып, көп кешірім сұраңыз
⠀
Аяғы ауыр кезінде әйел адам психологиялық күйзеліске жиі ұшырайды. Күйеуінің кей қылықтарына көңілі толмай, өзінің жай-күйіне разы болмай, жоқтан өзгеге ашулана береді. Мұндайда сабырлық танытып, Құдайдан күнделікті жиі кешірім сұраған дұрыс.
⠀
Балаңызды Құранмен таныстырыңыз:
⠀
Нәресте ана құрсағындағы төртінші айында дыбыстарды ажырата бастайтыны ғылымда дәлелденген. Сондықтан құрсақтағы балаңыз тыңдау үшін Құранның аудиожазбасын жиі қойып беріңіз, өзіңіз де дауыстап оқып тұрыңыз
⠀
Жүктіліктің бәрі бірдей болмайтынын есте сақтаңыз:
⠀
Аяғыңыздың ауыр екенін білген сәттен токсикозға, жаман, жағымсыз көңіл-күйге дайындалудың қажеті жоқ. Өйткені, әркімнің жүктілігі әрқалай өтеді
⠀
Жүктілік кезіндегі қорқыныштар:
⠀
Аяғы ауыр уақыттағы қорқыныш барлық әйелге тән. Біз тоғыз ай бойы өз құрсағымыздағы сәбиімізге не болып жатқанын білмейміз, ана болуға дайын еместей көрінеміз, кішкентай өзгерістердің өзін үлкен үреймен қабылдаймыз. Мұндай сәттегі ең үлкен кеңес – барлық жағдайыңызды Аллаға тапсырыңыз. Бала – Алланың аманаты. Ол өзі қорғайды.
⠀