Бәріміздің балаларымыз өте кішкентай кезінде саусақ соратын және ол қалыпты болып келген, ал қай кезде қалыпты жағдайға жатпайды?
⠀
Саусақты сору ұйықтар алдында немесе іш пысқан кезде болады. Көбінесе балалар солай тынышталады және өзінің шартсыз рефлексін тыныштандырады.
⠀
~ 2 айға дейін балаларда саусақ сору бір әдейі жасалатын нәрсе емес, аяқ- қолдарының еріксіз қозғалысының әсерінен ол саусақ сорады.
⠀
~ 2-3 айынан бастап, бала түсіне бастайды оның қолы бар екенін және қолын зерттеп қызығушылық таныта бастайды.
⠀
~ 5-6 айынан бастап бала әдейі сора бастайды, көбінесе тынышталу үшін.
⠀
Не үшін балада тәуелділік басталады?
?жасанды тамақтанудағы балаларда жиірек
?емізетін уақыт аралығы ұзақ болса
?сүті өте көп келетін аналарда
?жұмысқа ерте шыққан аналарда.
⠀
Орта есеппен сору рефлексі 6-8 айына қарай басылады.
Қай кезде дабыл қағып, уайымдап бастауымыз керек?
?бала омыраудың орнына саусақ сорса, яғни екінші планға ему болады.
?6 айдан асқан бала түнімен саусақ сорса.
?бала есейіп (2-3 ж) теледидар қарап отырып, іші пысқан кезде, ұйықтағанда, ойнағанда саусақ сорса.
⠀
Не істеу керек?
✔️Егер 6 айға дейінгі бала болса *Ұйқыға кеткеннен кейін жұдырығын ауыздан шығарып тастау.
*царапки (қазақша аудармасын білмеймін) кигізу
*саусақ сорайын деп жатқанда, омырауды беріңіз.
⠀
✔️6 айдан кейін болса:
*орнына басқа зат ұсыну- ойыншық, пластикалық арнайы ауызға салатын ойыншықтар.
*егер жрғарыдағы заттардан бас тартса, жайлап шайұап, арқасынан қағып, сипап ұйықтатып көріңіз
*ал егер, соған да көнбесе онда соска бергеніңіз абзал, ол прикусқа ондай зияны жоқ
⠀
✔️2 жастан асқан балалар болса:
* ауызынан жәймен шығарыңыз және басқа нәрсеге көңілін аудару.
⠀
Не нәрсе мүлдем жасауға болмайды.
?қолынан ұрып, ұрсып
?ащы зат жағып
?саусақ сорғанына мүлдем мән бермеу.