Бауырдан дайындалған котлет

Керекті заттар:
500 г бауыр
1 дана жуа
1-2 тіс сарымсақ
1 дана жұмыртқа
5 ас қасық манная крупа
Тұз, қара бұрыш
Қуыру үшін өсімдік майы

Дайындалуы:
Бауырды, пиязды және сарымсақты еттартқыштан өткізіп, жақсылап араластырамыз. Тұз, бұрыш себеміз және жұмыртқа қосып, араластырамыз. Манная крупаны қосып, араластырамыз. Қоспаны 30-40 минутқа қоя тұрамыз.Табадағы майға әр котлет үшін 1 ас қасықтан салып, екі жағын да жақсылап қуырамыз.