Қарақұмық пісірмесі

Қажет азық-түліктер тізімі:

— 1 стақан қарақұмық;
— 3 қызыл тәтті бұрыш;
— 200 г фарш;
— 2 тал жұмыртқа;
— 4 ас қасық қаймақ;
— 50 мл су;
— 1 бас пияз;
— 150 г голландиялық сыр;
— қалауымызша тұз бен бұрыш.

Дайындау жолы:

1. Қызыл бұрышты жуып, тазартамыз. Пештің ішіне саламыз. Фарштан кішігірім домбайлар (фрикаделька) жасаймыз. Қарақұмықты жылы суда жуып, ыдысқа саламыз. Суреттегідей ыдыстың ішіне біркелкі етіп орналастырамыз. Және тұз бен бұрыш себеміз.

2. Пиязды турап, бетіне саламыз. Ірімшікті үккіштен өткізіп, бетіне саламыз. Қаймақ пен жұмыртқа жақсылап араластырып, бетіне құямыз.