Біздің қоғамда көпшілік ата-аналарда мынадай ой қалыптасқан, «бұл бала ғой, не түсінеді дейсің?» Бүгін «көргенін», «естігенін» ертең ұмытып қалады…
* Бірақ қарап отырсаңыз, ең сезімтал жан өсіп келе жатқан бала екені анық. Кіршіксіз көңілімен кез келген нәрсені қалай көрсе, солай қабылдайды.
*Біз өмір туралы естеліктерімізді кешегі мен бүгінгі күннен емес, сонау балалық шағымыздан бастаймыз. .
* Мінезіміз, жүріс-тұрысымыз, адамдарды қабылдауымыз, яғни психологиялық даму сатымыздың алғашқы бастамасы осылай өрбиді. .
* Тұп-тұнық таза тіршілік иесінің есте сақтау қабілеті де тасқа қашалған жазумен тең. Мысалы, сіз өз балаңызға далаға көп ойнауға болмайтынын айтып түсіндіре алмаған жағдайда сыртта қорқынышты адамдар бар деп қорқытсаңыз («мастар», «ұрылар», милиция т.б), ертең ол есейген сәтте де өзін еркін сезіне алмайды. Ылғи да қорқыныш жетегінде жүріп, көшеде де алды-артында өтіп бара жатқан адамдарға күдікпен қарайтын болады.
* Сондай ақ, әркез уақыт бөліп, көп назар аударатын болсаңыз, көпшіл болып өседі. .
* Ал өзімен-өзі өскен балалар көбіне адамды қажет ете қоймайды. Бұл жақсы емес. Сонау балғын балалық шақтан басталған жалғыздыққа еті үйреніп, іштей тынумен болады. Сыртқа шықпаған жан жарасы жинала беріп, өмірден түңілуіне әкеп соғады. Суицидтің басы, міне, осы. .
* Көп балалы отбасында тәрбиеленгендер көбіне бұл қадамға бара бермейді.
* Баланы бетінен қағып, шектей берсе, бала есейгенде де «маған қандай кінә артар екен?» деп күтіп тұрады.
* Баланы неғұрлым өз бетінше, еркіндікте тәрбиелесе, батыл болып өседі.
* Бүгінгі таңда не ойлап, қай нәрсені дұрыс не бұрыс деп тануымыз – бала кезіміздегі мінезіміздің жалғасы. Махаббат пен сүйіспеншілікке бөленген бала ешкімді жамандыққа қия қоймайды.
Бала психологиясының дамуына тек мінез-құлық әсер етпейді, тәрбие мен оқыту процестерінің де септігі тиеді. Көпшілік жағдайда бала ата-анасына ұқсайтын болғандықтан, оқу үлгерімі де ата-анасына тартады. Өмірде біразының ата-анасының тағдырын қайталайтыны да сондықтан. Бірақ кейде психологиялық заңдылықтарға сәйкес келмейтін балалар да бар.