Бала психологиясы туралы

 

Біздің қоғамда көпшілік ата-аналарда мынадай ой қалыптасқан, «бұл бала ғой, не түсінеді дейсің?» Бүгін «көргенін», «естігенін» ертең ұмытып қалады…

* Бірақ қарап отыр­саңыз, ең сезімтал жан өсіп келе жатқ­ан бала екені анық. Кіршіксіз көңі­лімен кез келген нәрсені қалай көрсе, солай қа­былдайды.

*Біз өмір туралы естеліктерімізді кешегі мен бүгінгі күннен емес, сонау балалық шағымыздан бастаймыз. .
* Мінезіміз, жүріс-тұрысымыз, адамдарды қабылдауымыз, яғни психологиялық даму сатымыздың алғашқы бастамасы осылай өрбиді. .
* Тұп-тұнық таза тіршілік иесінің есте сақтау қабі­леті де тасқа қашалған жазумен тең. Мысалы, сіз өз балаңызға далаға көп ойнауға болмайтынын айтып түсіндіре алмаған жағдайда сыртта қор­қынышты адамдар бар деп қорқытсаңыз («мастар», «ұрылар», милиция т.б), ертең ол есейген сәтте де өзін еркін сезіне алмайды. Ылғи да қорқыныш жетегінде жүріп, көшеде де алды-артын­да өтіп бара жатқан адамдарға күдікпен қарайтын болады.
* Сондай ақ, әркез уақыт бөліп, көп назар аударатын болсаңыз, көпшіл болып өседі. .
* Ал өзімен-өзі өскен балалар көбіне адамды қажет ете қоймайды. Бұл жақсы емес. Сонау балғын балалық шақтан басталғ­ан жалғызды­ққа еті үйреніп, іштей тынумен болады­. Сыртқа шықпаған жан жарасы жинала­ беріп, өмірден түңілуіне әкеп соғады. Суицидтің басы, міне, осы. .
* Көп балалы отбасында тәрбиелен­гендер көбіне бұл қадамға бара бермейді.
* Баланы бетінен қағып, шектей берсе, бала есейгенде де «маған қандай кінә артар­ екен?» деп күтіп тұрады.

* Балан­ы неғұрлым өз бетінше, еркіндікте тәрбиелесе, батыл болып өседі.
* Бүгінгі таңда не ойлап, қай нәрсені дұрыс не бұрыс деп тануымыз – бала кезіміздегі мінезіміздің жалғасы.­ Махаббат пен сүйіспеншілікке бөленген бала ешкімді жамандыққа қия қоймайды.

Бала психологиясының дамуына тек мінез-құлық әсер етпейді, тәрбие мен оқыту процестерінің де септігі тиеді. Көпшілік жағдайда бала ата-анасына ұқсайтын болғандықтан, оқу үлгерімі де ата-анасына тартады. Өмірде біразының ата-анасының тағдырын қайталайтыны да сондықтан. Бірақ кейде психологиялық заңдылықтарға сәйкес келмейтін балалар да бар.

Яндекс.Метрика