Бала бойындағы қорқыныш

 

Бала кезде барлық адамдарда қорқыныш болады. Өйткені, бала кезде адамның қиялы өте тез дамиды. .
Жас ерекшелігіне байланысты негізгі қорқыныш түрлері:

Жаңа туылған нәресте:
жаңа ортадағы қорқыныш
анасынан алыстау қорқынышы
бөтен адамдардан қорқуы

1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларда:
қараңғыдан қорқуы
түнгі қорқыныштар
жалғыз қалып қою қорқынышы

3 жастан 5 жасқа дейін:
жалғыздық қорқынышы, яғни ешкімнің елемеуі
қараңғылық қорқынышы
тыныш, тұйық ортадан қорқуы
қиял-ғажайып кейіпкерлерінен қорқуы

5 жастан 7 жасқа дейін:
белгілі бір жағдайға байланысты қорқыныштар, мысалы: өрт, тереңдік, апаттар т.б.
ата-аналарының ұрысуынан, ұруынан қорқу,
жануарлардан қорқуы,
қорқынышты түстерден
ата-анасынан айырылу қорқынышы
кешігіп қалу қорқынышы
өлім қорқынышы
ауруға шалдығып қалу қорқынышы

Осындай қорқыныштардың алдын алу үшін, баланың алаңдаушылығын жою үшін ата-аналарға бірнеше кеңестер:

-балаға көбіне еркіндік беріп, оның достарын шақырып, бірге тиімді уақыт өткізуін қадағалаңыз;
-баланы жыртқыш аңдармен, полиция қызметкерлерімен, дәрігерлермен қорқытпаңыз, себебі  бізге оның мәні болмаса да, балалар оны шын деп қабылдауы мүмкін;
-көбірек сурет салуға баулу;
-баланы сол қалпында қабылдап, жақсы көру, оны көршінің әдемі қызымен немесе сабақта үздік інісімен салыстыруға болмайды;
әр бала өзіне деген отбасының жылуын сезінуі керек, балаға жақсы дос бола біліңіз.
-Уақыт өте келе бұл қорқыныштардың барлығы жойылады, себебі бұл белгілі бір уақыт арасында ғана болатын қорқыныш үрейлер. .
-Баланың бойындағы үрейді шығару үшін, оның неден қорқатынын білу үшін әр түрлі әдістерді пайдалануға болады.

«Қорқынышымызды қағаз бетіне түсіру». Сурет салу сабағы 30-40 мин ұзақтықта болуы керек. Баламен жақсы қатынас орнатып алып, алдын ала онымен ойнап, көңілін көтеріп, содан кейін жанына отырып әңгімеге көшу керек. Әртүрлі сұрақтардан бастап, мысалы қараңғыдан қорқасың ба? Қасқырдан қорқасың ба? Лифттен қорқасың ба? Мыстан Кемпірден қорқасың ба? Қан көргенде, уколдан қорқасың ба? Осындай сұрақтар арқылы баланың психологиясын дайындап алу керек.

Яндекс.Метрика