Баланың мазасызданып кетуі

 

Мазасыздық пен қорқыныш бір нәрсе сияқты көрінеді. Бірақ мазасыздықтың себебі нақты емес те, ал қорқыныштың нақты объектісі бар.

Бала қатты ауырып, содан бірдеме болып қалады деп қорқу – таза қорқыныш, ал денесі қызарса, немесе қызуы көтерілгенінен бірдеме болады деп уайымға бату – мазасыздық.

Ол көп жағдайда физикалық симптомдар арқылы көрінеді – жүрек соғысы, мұздай тер, іш өту, тыныс алуының жиіленуі, қол-аяқтың дірілдеуі. Бұл белгілер адам неге мазасызданып отырғанын түсінсе де, түсінбесе де болады.
Мазасыздық – адам өзінде бар екенін мойындамаған, бейсанаға ығыстырылған агрессияның әсері. Жалпы сөзбен агрессия деп аталатын күш – бізді өмір сүруге, өсуге, дамуға, қажеттілікті өтеуге итермелейтін, іштегі қыж-қыж қайнаған күш. Яғни адам дұрыс пайдалана білсе, агрессия өте керек «қуат». Адам өзінің агрессиясын танымаса, ол сыртқы әлемге емес адамның ішіне, тұлғасына бағытталады. Нәтижесінде іштей барлық сезім бір төбе, мазасыздық бір төбе сияқты бөлініс пайда болады. Агрессия санадан «шеттетіледі» де, агрессия деген «жаман» нәрсені сезгені үшін тұлға қорқыныш, ұят, кінә сезімдерінен үлкееен мазасыздық деген шар үрлеп алады.

Неге балалар бүжәйдан, құбыжықтан, елестен қорқады? Тез-тез өсіп келе жатқан ағза ретінде бойында алапат күш бар, оның біршама бөлігі -агрессия. Ал бала болса ол агрессиясын сезініп, басқара алмайды да, іштегі сезімді сыртқа тасымалдап «елестен» қорқады. Шын мәнінде ол ішіндегі басқара алмайтын күшінен қорқу.

Мазасыздықтың белгілері:
• апатия, жабырқау күй;
• әдетте ұнататын істерін істегісі келмей қалады ( ештеме қуантпайды, қалыпты ісін қайталағысы келмейді, үй шаруасымен айналысқысы келмейді);
• шектен тыс сынау, өзіне көңілі толмау, бет-әлпетін ұнатпау;
• кез-келген жағдайдан жамандық, қауіп күту;
• мазасызданған кезде жоғарыдағы физ.белгілер пайда болу;
• бұрын болған жағымсыз, қаіпті жағдайды тағы қайталанады деп күту, барлық нәрсе “күңгірт” қылып көру;
Осындай белгілер басталса, псиxологқа барыңыз.

Яндекс.Метрика