Гиперактивті бала – өте көп қимылдайтын (қозғалатын), шаршауды білмейтін, айтқанға көне бермейтін, басқа балалардан мінез-құлқы мен қимылы өзгеше бала. «Гипер» сөзі «шамадан тыс жоғары деңгейде» дегенді білдіреді.
Кез-келген баланың өмірінде ашуланатын уақыттары болады. Мәселен, ұйықтайтын уақытта төсекте байбалам салады, дүкенде еркелеп, айтқанды тыңдамайды. Бұл баланың зеріккендігін білдіруі мүмкін, бірақ тек гипербелсенділіктің белгісі емес. Мұндай қылықтарды кез-келген бала істейді, мейлі күнде істемесе де, бұл барлық баланың істейтін бұзықтықтары. Себебі ол – бала. Оны алдап, ойынға айналдырып, болмаған жағдайда ұрсып болса да көндіруге болады. Бірақ ұрыспаған дұрыс, кез-келген мәселені жанжалсыз шешімін табуға болады, әсіресе балаға қатысты болса. Бұл ата-ананың жүйкесіне, тапқырлығы мен ақылына байланысты. Ал гипербелсенді бала мүлдем басқа болады.
Гипербелсенді бала кез-келген жағдайда, кез-келген жерде (үйде, қонақта, дәрігер бөлмесінде, көшеде болсын) қылықтарын өзгертпейді: жүгіреді, мақсатсыз қимылдар, бір орында ұзақ тұра алмайды, қызықты деген ойыншықтармен алданып, ойнай бермейді. Бұл балаға ешқандай айла-шаралары әсер етпейді, мейлі ол алдау, тыныш отыруын сұрау, ұрсу әрекеті болсын. Тіпті гипербелсенді баланы ұрып та көндіру мүмкін емес. Ондай балалар тоқтай алмайды. Оның басты себебі баланың өзін-өзі ұстау механизмінің дұрыс жұмыс істемеуінде. Мәселен, ерке, белсенді немесе тәртіпсіз балаларды ең болмағанда ұрсып-ұрып тынышталдыруға болады. Ал гипербелсенді балаларды ұрудың пайдасы жоқ, одан ештеңе өзгермейді, оларды алдымен емдеу керек. Әрине, бұл «басқа балдарды ұрып тәртіпке салу керек» деген сөз емес.
Балалардың аса белсенді болу құбылысына психолог және психотерапевт мамандар Зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромы (Синдром дефицита внимания и гиперактивности, «СДВГ») деген атау қойды. Оның пайда болуы үш шартпен анықталады. Бұлар: алаңғасарлық, аса белсенділік және импульсивтілік.
«Алаңғасарлық» сөзінің түсініктемесі мен белгілері:
● Әдетте бала заттарға мән бермейді, ойын жинақтай алмайды, сол себепті, кез-келген тапсырманы орындауда (мектепте, бала бақшада) көптеген қателіктер, жаңылысулар жасайды.
● Балаға қарап сөйлегенде, бала тыңдамайды, ол бұны әдейі істемесе де, айналасындағы адамдар айтқан сөздер мен ескертулерді аяққа басып, елемегендей көрініп тұрады.
● Бастаған жұмысын бала соңына дейін аяқтай алмайды. Көбінде бала бұл қылығымен істегісі келмеген жұмысқа қарсылығы мен наразылығын білдіріп тұрғандай көрінеді. Алайда бала берілген жұмыстың мән жайы мен тәртібін түсінгісі келсе де түсіне алмайды.
● Бала өзінің шығармашылығын пайдаланып бір жұмысты істеуде (төртбұрыштардан үй соғу, мектеп шығармалары) көптеген қиыншылықтар сезінеді.
● Бала ой өрістетіп, ойландыратын тапсырмалардан қашқақтай бастайды.
● Бала үнемі өзінің құрал жабдықтары мен заттарын жоғалтып жүреді, мейлі мектепте болсын, үйде немесе балабақшада болсын. Анасы алдын ала барлығын дайындап берсе де, мектепте өзінің қаламсабын, күнделігін немесе кітабын таба алмай отырады.
● Бала бөтен қызықтырушы заттарға тез көңілін айдарады.
● Бала үнемі барлығын ұмытып жүреді.
Балаға алаңғасарлық деген диагноз қою үшін жоғарыдағы белгілірдің кем дегенде алтауы кездесуі керек, және бұл қылықтардың басталып, жалғасқанына алты айдан асқан болуы керек.
«Гипербелсенділік» сөзіне түсініктеме:
●Бала үнемі әбігерге салынып, еш тыныш отырмайды. Баланың көбінде себепсіз қолдарын, аяғын қимылдатып, үстелде отырғанда қисаңдап, жан-жағына қарап отырғанын байқауға болады.
● Бала бір орында ұзақ отыра алмайды, рұқсатсыз тұрып кетіп ары бері жүреді.
● Баланың қозғалыс белсенділігінің көзделген бағыты жоқ. Ол бекерден бекер жүгіріп, айналып, өрмелеп, р жерге бір шығып жүреді, көбінде бұл қылықтары қауіпсіз бола бермейді.
● Бала тыныш ойындар ойнай алмайды, демалу, бір орында тыныш отыру, белгілі бір жұмыспен айналысу дгенді білмейді де олай істемейді.
● Бала үнемі қозғалыста болады.
● Көп сөйлейді.
«Импульсивті» сөзінің түсінігі:
● Бала өз кезегін күте алмайды, ол жағдайды түсінбейді.
● Бала айналасындағылардың әңгімесіне, ойынына араласып, басқаларға кедергі жасайды.
Баланы гипербелсенді деп тек жоғарыдағы жағдайдың кем дегенде алтауы кездесетін болса ғана және бұл қылықтардың жалғасып жатқанына алты айдан асқанда ғана айтуға болады.
Балада гипербелсенділіктің белгілерін, оның өмірінің бірінші күндерінен ақ байқауға болады. Мұндай балалар орап қойған жөргектен шығуға тырысып, құндақтағанға оңайлықпен көнбей жылайды. Олар кішкентай кезінен себепсіз әрі жиі құсатын болады. Бұл балалардың кішкене ғана лоқсып құсып жіберуі емес, жаңадан жегенінің барлығын бірден қайтып шығарып тастайды. Бұл жағдай жүйке жүесінің бұзылғандығын көрсетеді.
Гипербелсенді балалар бір жасына дейін нашар әрі аз ұйықтайды, әсіресе түнде. Ұйықтауы қиын, оянуы жылдам. Мұндай балалардың 2-4 жасында диспраксия пайда болады: қопалдық, қызықты ойыншық болса да, бар зейінін оған аудара алмауы, айтылған ертегілерді соңына дейін тыңдай алмайды.
Гипербелсенділіктің белгілері бала бақшада айқын көріне бастайды. Себебі сол жақта бала шынайы өмірмен беттеседі. Тәрбиешілер мен мұғалімдер шағымдана бастайды. Бірақ баланың еш жазығы жоқ, себебі ол қанша түсінгісі келсе де түсіне алмайды, бұл кішкентай бүлдіршін үшін өте қиын кезең.
Мәселені шешу үшін психолог немесе психртерапевт мамандарға барған дұрыс. Олардың айтуынша, баладағы артық күш-қуатты, энергияны азайту үшін, әртүрлі үйірмелерге (сурет салу, спорт түрлеріне) берген дұрыс. Гипербелсенді балалардың көбісінің басы жиі ауырады, ұйқы сұрап жүргендей болып жүреді және бұтына сиіп қояды, бұл тек түнде ғана емес, күндіз де болатын жағдай. Ең бастысы, ата-анасының шыдамдылығы. Себебі сіздің балаңызға өте қиын, сізбен салыстырғанда балаңыз әлде қайда көп, қатты қиналады. Оны ұрып, таяқтап тәртіпке саламын деушілік бекер нәрсе, ешқандай пайдасы жоқ. Баланың бойын кернеген артық энергия одан сайын тасқындана түспек. Ұрсып, қорқытып тәрбиелеу олардың түсінігіне жат, оған мейлінше мол мейірім мен жылы сөз, түсіністік пен сіздің махаббатыңыз керек.
Неден пайда болады? Нақты неден болатыны қазірше белгісіз. Дегенмен, мына жайттарға назар аударсақ: гипербелсенділік әдетте кесар тілігі арқылы дүниеге келген балаларда көп байқалады. Немесе босану кезінде қиындықтар болып, созылмалы, ұзақ босанулардан болады. Гипербелсенділік әдетте ұл балаларда жиі кездеседі. Қыз балаларының миының құрылысы өзгешелеу болып келгендіктен, олар қиындықтарға анағұлым төзімді болып келеді екен.
Гиперактивті балалардың бәрінің денсаулығында ақау бар дегенге сенбеймін, өйткені, менің ойымша бұл табиғи құбылыс!!!!
Гиперактивті балалармен қалай ойнауға болады?