Бойға бала біткендегі және жүктілік кезіндегі қауіптер

Бойға бала біткен кездегі қауіпті ықпалдар:

  • Алкогольді ішімдіктердің және еліткіш заттардың (наркотикалық) ағзада (еркек пен әйелдің) болуы. Әсіресе бұларды ұзақ уақыт бойы қабылдағанда;
  • Радиация әсерінен, мысалы, ауру жұқтырылған жерлерде болса немесе ерлі-зайыптылардың біреуі сәулелі терапиядан емделуден өтіп жүрсе;
  • Болашақ ата-аналардың уландырғыш заттармен байланыста болуы (химиялық реактивтер, зауыттарда жұмыс істейтіндер).
  • Ағзадағы жас ерекшелігіне байланысты болатын өзгерістер;
  • 35 жастан асқан әйелдің жас мөлшері (әсіресе бұл бірінші жүктілікке қатысты) және 50 жастан асқан ер адамдар;
  • Дәрі-дәрмектерді қабылдау.
  • Тұқымқуалаушылық аурулар;
  • Ерлі-зайыптылар арасындағы қандас туыстық.

Егер жоғарыда аталған қауіпті ықпалдардың біреуі болған жағдайда, бойға бала бітпей тұрып, алдымен медициналық тексерілуден өтіп алыңыз. Ал бойыңызға бала бітіп қалған жағдайда дереу медициналық мекемеге барып (әйелдер консультациясы), міндетті түрде дәрігеріңізден ақыл-кеңес алыңыз.

Егер болашақ ата-аналардың біреуі (немесе олардың қандас туысы – екінші, үшінші атадан жақындығы болса да) тұқымқуалаушылық аурумен ауыратын болса, сонымен бірге, қандас туыстық немесе егде жаста болса, бұлтармай, міндетті түрде бойыңызға бала бітпей тұрып, генетик маманнан кеңес алуыңыз керек. Мұндай маманның кеңесі отбасында генетикалық және хромосомалық аурулармен (мысалы, Даун синдромы) ауыратын балалары болған жағдайда да қажет.

Ұрықтың дамып-жетілуіндегі ауытқушылықтар кейде жүктілік кезінде де байқалады. Бұл да жоғарыда аталған себептерге байланысты болуы мүмкін.

Жүктіліктің қалыпты жағдайда дамуына не кері әсер етеді?

Әрине, жоғарыда аталған себептермен қоса, төмендегі себептер болуы мүмкін:

  • Ата-аналардың біреуінің бойындағы созылмалы және асқынған инфекциялық аурулар мен жасырын түрдегі инфекциялар. Мүмкіндігінше, жүктілікке дейін тонзиллит (бадамша безінің қабынуы), гайморит (кеңсірік ауруы), синусит, бронхит (тыныс жолдарының қабынып қызарып ауыруы), цистит (қуықтың қабынып ауыруы) – басқа да созылмалы инфекциялық ауруларға тексеріліңіз. Осылардың біреуі анықталған жағдайда міндетті түрде тез арада емделу шараларын бастаңыз. Тіс дәрігеріне барудан қашпаңыз: инфекцияның ең көп шоғырланатын жері ауыз қуысы болып табылады. Міндетті түрде өз кезегінде АИТВ (ВИЧ), В және С гепатитіне, хламидиоз, хламидиоз, токсоплазмоз, микоплазмоз, уреаплазмоз, папиллома вирусына, герпес (ұшық), цитомегаловирус, сифилиске (мерез) анализ тапсырып, тексерілуден өтіңіз. Кейбір жұқпалы ауруларды тудырушылар мысық пен кеміргіштер екендігін де білгеніңіз жөн. Сондықтан жүктілік пен оған дайындыққа үлкен жауапкершілікпен қараңыз.
  • Жалпы аурулар да (жүрек-қан тамырлары ауруы, эндокринді, т.б.) ана ағзасының маңызды мүшелерінің қызметін әлсіретеді. Сол себепті ұрық өзіне жеткілікті мөлшерде оттегі немесе құнарлы заттарды қабылдай алмай қалады. Бұл оның дұрыс жетілмеуіне әсер етеді. Онымен қоса, жүктілік кезінде кейбір аурулар асқынып жатады. Сондықтан кез келген қауіпті аурумен ауыратын әйелге уақытынан бұрын (жүкті болмай тұрып) дәрігерден кеңес алу керек және ауру мүшесіне жүктіліктің қалай әсер ететіндігін анықтау үшін қосымша тексерілуден өткені жөн. Егер ауруыңызға байланысты үнемі бір дәрілерді қабылдау қажет болса, онда сол дәрілердің ұрықтың дамуына қалай әсер ететіндігі туралы, қабылдау мөлшерін азайту туралы немесе жүктілік патологиясына соқтырмайтын басқа дәрі-дәрмектермен ауыстыру туралы кеңестерді емделіп жүрген дәрігеріңізден анықтап біліңіз.
  • Әйелдің жыныс мүшелерінің патологиясы (эндометриоз, жатыр миомасы, операциядан кейінгі тыртықтар, т.б.) бедеуліктің ғана емес, жүктіліктің даму кезіндегі түрлі ауытқушылықтардың тууына себеп болуы мүмкін: жатырдан тыс жүктілік, түсік тастау, уақытына жетпей босану, бала жолдасының (плацента) орналасуы, т.б.
  • Темекі тарту, тіпті айналасындағылардың тартқан темекісінің түтінін жұту;
  • Әйелдің дұрыс тамақтанбауы;
  • Болашақ ананың жас ерекшелігі (17-20 жастан төмен және 30-35 жастан жоғары);
  • Ауыр физикалық жүктемелер;
  • Стрестер.

Қауіптің ерекше топтары:

  • Уақытынан бұрын босанған немесе түсік тастаған әйелдер;
  • Өлі бала туған әйелдер;
  • Етеккір циклының бұзылуынан болған гормональдық ауытқушылықтары бар әйелдер;
  • Бедеулік жөнінен емделуден кейін жүкті болған әйелдер.

Қандай жағдайда бала көтеруге тыйым салынады?

Ауыр дерттен кейінгі жүктілік денсаулыққа ғана емес, сонымен бірге, әйелдің өміріне де қауіпті. Мұндай ауруларға:

  • қанайналымы бұзылған жүрек ақауының ауыр түрі,
  • қанайналымның бұзылуы салдарынан болған гипертониялық аурулар,
  • тыныс алудың жеткіліксіздігі салдарынан туындаған өкпе аурулары,
  • созылмалы бүйрек аурулары,
  • ревматизмнің салдары,
  • біріктіруші тканьдердің (бұлшықет тарамдары) аурулары – тері туберкулезы, склеродермия, т.б.
  • эндокринді аурулардың ауыр түрде өтуі – қант диабеті, қалқанша безінің аурулары, бүйрек үсті бездерінің аурулары,
  • әртүрлі онкологиялық аурулар жатады.

Алайда, бұл жағдайларда да дәрігер емделушіге тек жүктіліктен сақтану туралы немесе жүктілікті тоқтату туралы (бұл тек болашақ ананың келісімі бойынша ғана жасалады) кеңес қана бере алады. Жүктілікті жасанды түрде тоқтату (аборт) медициналық көрсеткіштер бойынша жүктіліктің кез келген мерзімінде тек қана әйелдің келісімі алынған жағдайда ғана жасалады.

Ұқсас мақалалар

Жатырдан тыс жүктілік

Жетілмей қалған жүктілік

Темекі жатырдан тыс жүктілікке себеп болады

58 thoughts on “Бойға бала біткендегі және жүктілік кезіндегі қауіптер

  1. Мен ушиншиме жуктимин 4 апта маган кан келип жатыр. Не себепти екенин тусинби отырм. Маган комек билгир маман болса жазсаныздар екен. Даригерге коринеййн десем кызыммен болницада жатырмын. Басынан откен адам болса жазыныздаршы..

  2. Салем кыздар менын сорайын дегеным турмыска шыкканыма 3 жыл болады 2015 де июнда турмыска шыгып 5 кунден сон киста лазырны аператция болдым содан сон киеуымменен коп жасамадык баста 2 ай жасадым содан сон 2 ай жасамадык содан сон 3 ай жасап тагын жасамадык 2016 да июнда туркияга кеттым аркамдан 3 айдан кейын келды туркияда 1 жарым жыл болды ажраспай жасаватырмыс бырак котермедым жукты болуды коп ойлап шаршадым тест алыпта шаршадым алладан сораймын куны туны 3 Айдан беры мецишниым озгерды алдын 28 кун еды арасы казыр 25 кун алдынгы айда 26 кун болды арасы неге олай болып жатыр жардем берсендер кунар едым отыныш мендеде киеуымдеде проблем жок бырак бала бомай жатыр

  3. Салеметсиздерма курметти болашак аналар сиздерди куанышты саттеринизбен куттыктаймын
    Мен сиздерден озим билми жаткан бир нарсе сурайын деп едим менин жуктилигиме 22 апта болды менде инфекция бар уш турли онын балама ешкандай зияны жокпа айтыныздаршы. Рахмет

  4. сәлеметсіздерме, менің жасым 21 де жүктімін, төсек қатынасынан кейін, етеккір келді, ашық қызыл түсте, бұл жағдай балаға қауіп төндірмейді ма?

    1. Салем сымбат. Жуктілік кезінде төсекте өте қатты жыныстық танаста болуға болмайды сол себепти етеккир келеді ашық қызыл тустеги . А так балаға зианы жоқ ну брақ төсекте сақ болыңыздар мас жағдайда боладығо сондай төсекте кайф ға берілуші вот сондай жағдайда сақ боліңдар

  5. Сәлематсыздарма.Түсік тастап,бір ай болмай қайта көтеріп кетіп аман есен босанғандар барма?бұл зиян емеспе

Comments are closed.