Бала асырап алу

Асырап алу — балалары болмаған немесе жетім балаларға қомқор болу мақсатында басқа баланы асырау, қамқорлыққа алу әрекеті. Асырап алу әлемнің көптеген халқында бар. Қазақ халқында да бала асырап алу салты бар.

Көп уақыт бойына нәрестелі болмаған ерлі-зайыптылар ата-аналарымен және өзара ақылдасып бала асырап алып жатады. Құжаттық жағын әр түрлі шешеді.
Мәселен, барлығын заңды түрде құжаттарымен жасайды немесе құжат жүзінде өзінің туған ата-анасының атында қала береді де былайша басқа біреудің баласы болады.

Баланы туылған кезінде  асырап алатындар өздері ат қояды. Әсіресе, баласы жоқ ерлі-зайыптылар «Өзгеден емес, өзімізден шыққан перзентті асырайық» деген ниетпен туыстарынан асырап алуға тырысады. Бұндай жағдайларда баланың ата-анасымен мәмілеге келеді. Асырап алған ата-аналар үлкен жауапкершілікпен қарайды, балаға жақсы тәрбие беруге, жағдайын жасауға тырысып бағады. Өгзенің ішінен шыққан бала болса да, өз баласындай қарауды ойламаса, бала асырап алуды адамдар ермек көрмейді.

Бала асырап алудың екінші бір түрі — балалар үйіндегі баланы асырап алу. Ондай жерден шыққан балалардыасырап алушылар бала өскен соң оған «Сені асырап алдық» деп айтпай тәрбиелейді. Оның өзіндік сырлары бар: баланың шыққан тегі белгісіз болғандықтан асырап алушылар тіс жармайды немесе баланың туған анасы ішімдікке немесе нашақорлыққа әуестенсе, жезөкшелікке салынса, туған ата-анасы жайлы айтылмайды.

Балалары бола тұра басқа баланы асырап алған адамдар өз балалары мен асыранды баланы бөліп-жармау керек. Асыранды баланы кем көрмей, бөлмегені дұрыс. Балалардың араларында өзара бауырластық байланыстарын нығайтуларына назар аударғанды жөн.

Бала асырап алу туралы Ислам діні не дейді?

Ислам діні жетімдерге қамқор болуды, олардың ақысын жемеуді бұйырады. Ата-анасы тірі немесе белгілі болған баланы асырап алғанда оның ата-анасы туралы жасырмау керектігі айтылады. Бала әрқашан өзінің туған әке-шешесін білу қажет. Ислам дінінде әке-шешесі бар баланы асырап алып, өз атына тіркеуге болмайды. Бірақ, ата-ананың жылы алақанына, жәрдеміне мұқтаж жетім жандарға қарау, оларды асырап, тәлім-тәрбие беру, үлкен азамат ету, дінімізде өте үлкен сауап әрі адамдық борыш саналады.

Жетімдерді асырап алу сауабы мол іс болса да, арнайы шарттары бар: жетім балаларды асырап алғанда да тегін (фамилиясын) өз атыңызға ауыструға болмайды. Олармен (асырандылар) сіздердің араларыңыздағы қарым-қатынас дін бауыр немесе дос сияқты болуы керек.

Ислам дініндегі бала асырап алу туралы толығырақ

Ұқсас мақалалар

Бесік той (Бесікке салу)

Шілдехана (Шілдехана тойы)

Ашамайға мінгізу

Бауырына салу дәстүрі

221 thoughts on “Бала асырап алу

  1. Саламатсыздарма? Алданып қалған … болмаса қандайда бір қиын жағдайға байланысты баланы беретін болсаңыз хабарласыңыз. Ұл бала керек.

  2. Саламатсыздарма. Жасым 21де. Омирде бари болып жатады го.
    аягым ауыр ишимдеги бала 7 айлык. Озим асырап ала алмаим. Уйленбегем сол себепти. Бала кутип журген жандар болса хабарласыныздар. Баламды сатпаимын. Алланын разылыгына болеитин жаксы мейримди ата ана болса деимин. 87752598155 Алматы облысы

    1. Кыз бала асырап аламын. Аллаға шукир уш улым бар. Уй. Машина Жумыс барлык жағдайымыз бар.

    2. бала асырап алғымыз келеді, жасымыз 38де, көтере алмай жүрміз,

  3. армысыздар мусылман хауым. менин аягым ауыр торт айдан астык жаксы отбасы болса сабиимди асырап алам деушилер болса номер калдырсын. салемнен белгисиз жан.

    1. Салеметсинбе синилим кудай ушин маган хабарласшы 87083662796 Нургул

  4. армысыздар мусылман хауым. менин аягым ауыр торт айдан астык жаксы отбасы болса сабиимди асырап алам деушилер болса номер калдырсын. салемнен белгисиз жан.

    1. Салем жаным маган хабарласшы 87888839844

    2. Белгысыз жан маган хабарласынызшы отыныш бала асырап алгым келеды 87780857671 Алладан кайтсын

  5. Сәлеметсіздерме? осы сайттан жазған коммент қалай өшірсем болады? Енді керек емес еді. Жауап беріңізші өтініш

Comments are closed.